Page 282 - index Bapaeva
P. 282

ралы жазып отырғаны – әдеттегі құбылыс, ішкі өмірдің бар
екендігін растайды. Кейде осындай уайым, толғаныс ауыр
тиеді.

    Тұлғаның қалыптасуына өз-өзі туралы толық суреттеуіне
енгізіледі. «Мен» бейнесі (кейде оны «Мен» түсінігі неме-
се «Мен тұжырымдамасы» деп атайды) – дегеніміз күрделі
психологиялық құбылыс, ол тек өзіндегі қасиеттерді сезіну
және өз-өзіне баға берумен шектелмейді. «Мен кіммін?» деген
сұраққа жауап беруде тек өз-өзіңді бейнелеп, суреттеп беру емес
екендігін білу керек, бұл сұрақтың жауабы өз-өзіңді анықтауы
болмақ. «Мен кім бола аламын және кім болуым керек, менің
мүмкіндіктерім және перспективам қандай, мен не істедім және
бұл өмірде неге қол жеткізе аламын?» – осы сұрақтардың жа-
уабы «Мен кіммін?» деген ұғымды аша түседі. Ары қарай өз
ойымы Н. В. Добрыниннің сөздерімен жалғастырмақпын, өмірге
араласу тек қоғамның қатысуымен болатынын жігіт жақсы
түсінеді, ұжымдық қызмет ету жағдайында болады, оның қарым-
қатынасты қажет ететіндігі ұжымның өмірімен байланысты бола-
ды. Атап айтқанда, ұжым оған өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік
береді. Ауызбірлігі бар, тату ұжым жігіт үшін үлкен бір күш
сияқты. Сол күштің арқасында ол барлық нәрсеге қол жеткізкізуге
тырысады. Бір жағынан, ұжым жігітке тіреу болып, қолдау
көрсетеді. Ал сонымен қатар, ұжымның жігітке қоятын талабы
аз емес. Ол үнемі өз-өзінің танымдылығын кеңейтіп, қабілетін,
мүмкіндіктерін арттыру мақсатында үнемі еңбектенуі қажет.
Өзін-өзі меңгеруі, жігерін меңгеру, сезім мен мақсатын менгере
білуі – бұл да жігіттің өз алдына қойған мақсаты. Өзін-өзі таны-
мы, өзін-өзі бақылау мүмкіндіктерімен байланысты. Жігіт өзінің
қайратын, күш-жігерінің дамуына көп көңіл (мән) бөле бастайды.
Адамның мінезін көрсететін неше түрлі мүмкіндіктер бар. Жігіт
те өз мінезінің ерекшелігін ой елегіне салып, талдау жасайды.
Өз мінезін қалай қалыптастыру керек екенін, өз қабілетін қалай
дамыту керек екендігін енді түсіне бастайды. Сонымен бірге,
ол өзгелердің келешектері мен жетістіктерін ажырата бастай-
ды, әсіресе өзінің жолдастарының жақсы, жағымсыз жақтарын
байқап жүреді. Жолдастарымен пікір алысып, ой-тілегімен
бөлісіп, неше түрлі тақырыпта айтысып, шындық іздейді. Міне,
жолдастарының ортасында жүріп, ойнап, уақыт өткізуде. Үрейлік
тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Осы кезеңге сын мен өзара

                                    282

⇐ МАЗМҰНЫ
   277   278   279   280   281   282   283   284   285   286   287