Page 283 - index Bapaeva
P. 283

сын лайық болып табылады. Олар қажетті жаққа бағытталуы
керек және ұсақ ұрыс-керіс ренішке айналып кетпеуі керек.

    И. С. Конның және Н. В. Добрыниннің сөздерінен жігіт
тұлғасының психологиялық жағдайы туралы қорытынды жасауға
болады. Мінез ерекшеліктері анықталып, тұрақталған, қабілеті,
темпераменті бір қалыпқа келген. Физиологиялық өзгерістерден
«бір құнды жетістік пайда болуы, ол өзінің ішкі әлемінің ашы-
луы» байқалады. Сыртқы басқарудан өзара басқаруға өтуі. Өзара
басқаруды жүргізу үшін оған мәлімет қажет, сол мәліметті жігіт
өзінің ішкі әлемінен (жан дүниесінен) іздей бастайды. Ой-
толғаныс арқылы өмірде әр адамның өз арман-мақсаты болаты-
нын түсіне бастайды. Сол мақсат-мұратына жету, өзін жақсарту
үшін адам өзін жақсартуы керек, бойына тек жақсы қасиеттерді
жинауы, дамытуы керек. Жоғарғы сынып оқушыларында тек қана
жеткілікті білім қоры бар деп айту дұрыс емес. Олар сол білімін
жүйелеуге, реттеуге ұмтылыс жасайды. Осы кезеңде теориялық
білімге деген қызығушылығы арта түседі, факторды қорытуға
тырысады, жалпы принциппен заңдылықты орнатқысы келеді.
Жоғарғы сынып оқушысының өзара ақыл-санасының даму
деңгейі жоғары болғандықтан, оны өзара тәрбиелейді.

    Түрлі зерттеу нәтижесінде мына жағдайды аңғаруға болады:
төменгі сынып оқушылары өздерінің іс-әрекеттеріне баға бере
алады, бірақ өзінің тұлға ерекшеліктерімен іс-әрекеті арасында
байланыс орната алмайды. Өздерінің іс-әрекетін, тәртібін сыртқы
жағдайлармен байланыстырып түсіндіреді. «Сен неге үнемі
сабақ үстінде тәртіп бұзасың?» деген сұраққа олар былай жа-
уап береді: «Жандос маған қарап көзі-басын тыржитты, мен соған
қарап күліп жібердім, содан соң қалай орманға барғанымызды
әңгімеледім». Бұл жағынан жасөспірімнің жағдайы өзгеше, ол
іс-әрекет пен тұлғалық ерекшелік арасында байланыс орната
алады. Оларға келесі түрдегі себептер тән: «Мен қараңғылықтан
қорқамын, «аттан» секіруге тырысамын, өйткені менің ерік-
жігерім әлсіз». Бірақ жасөспірімнің өзі туралы толық, жинақы,
тұрақты пікірі жоқ. Өз мінез-қылығындағы мәнді, мәнсізді
толық ажырата білмейді, жасөспірімнің өзара тәрбиеленуінде
өзіндік мінез қалыптаспайды, ол әртүрлі жағдайға байланысты
қалыптасады. Өзін-өзі анықтап білу қажеттілігі, жоғарғы сынып
оқушысын өзі туралы білімін жүйелеп, қорытуға итермелейді.

    Жігіттер мен бойжеткендер өз мінездерін, сезімдерін, іс-

                                    283

⇐ МАЗМҰНЫ
   278   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288