Page 284 - index Bapaeva
P. 284

әрекетін, қылықтарын толық ашып, анықтап алуға тырысады.
Өздерінің қасиеттерін дұрыс бағалауға тырысып жатады. Олар
мұғалімнен: «Өз мінезімізге дұрыс баға беру үшін мінезімізді
қалай білеміз?», «Денсаулығы нашар адамның мінезі қайратты
болуы мүмкін бе?», «Көптеген дарынды, талантты, ақылды
адамдардың мінезсіз, әлсіз болуын қалай түсіндіруге болады?»,
«Жаман әдеттерден қалай арылуға болады?» сияқты сұрақтарын
түсіндіріп беруін сұрайды.

    Жоғарғы сынып оқушыларының өзара тәрбиелеуінде
қиындықтар кездесіп жатады, өйткені осы жасқа тән қарама-
қайшылық болып тұрады, солардың ішінде жиі болып тұратыны:

    1. Өзара тәрбиелеуде артық күш-жігер салуға ұмтылады, бір
жағынан ата-аналары ұсынған өзара тәрбиелеудің тәсілдерін
қолдамайтындығы;

    2. Ұжымның тарапынан берілген бағаны түсініктілікпен
қабылдайды да, сол бағаны ескермегенін көрсеткісі келіп, өзінің
ойындағысын істейді («ақыл-кеңес беріп жатады, маған оның
керегі жоқ, қалай өмір сүру керек екенін өзім де білемін» деген-
дей);

    3. Идеал болуға ұмтылысы және үлкен жауапты істе принцип
ұстап, ал шағын істе принципсіздікті ұстанады;

    4. Өзінің бойында төзімділік, сабырлылық, өзара игеру
қасиеттерін қалыптастыруға тілек білдіру, ал сонымен қатар
балалық төзімділігінен, тәртіптік ырықсыздығынан, сөйлеу
ырықсыздығынан кішкентай ренішті асырып көрсетуі
байқалады;

    Өзара тәрбиелеуге жоғары сынып оқушылары аса
жауапкершілікпен қарап, олар да үлкендер тарапынан көмек
болғанын қажет етеді. Бірінші кезекте олар мұғалімдер
мен сынып жетекшілерінен көмек, ақыл-кеңес сұрайды. Өзара
тәрбиелеуде не нәрсеге назар аударып, көңіл бөлу керек екенін
айтып, үлкендер әрбір тәрбиеленушілеріне ақыл беріп жатады.
Өзара тәрбиелеу тек жеке-дара, өтуі шарт емес. Жоғары сынып
оқушысы достарымен бірігіп, ұйымдасып, ортақ жоспар құрып,
бірін-бірі бақылауға ала отырып, өзара тәрбиелеу мақсатына
жетуге жақындай түседі. Өзара тәрбиелеу, өзара бағалаудың
нәтижесінде жігіт өзінің бойында дамытып, тәрбиелегісі келетін
қасиеттерді ғана таңдайды. Жігіт өзін жан-жақты бағалау бары-
сында бағаны жоғарылатып немесе төмендетуге бармайды.

                                    284

⇐ МАЗМҰНЫ
   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289