Page 285 - index Bapaeva
P. 285

Өзін әділ бағалауға тырысады. Өзіне барабар баға бере отырып,
жоғары сынып оқушысы өзіне ұнайтын қызықты мамандықты
таңдай алады, оған әр пәннің бағалары аса маңызды емес, жоғары
сынып оқушысы өзін-өзі төмен бағаласа, оның да бір тигізер пай-
дасы бар. Ол өзінің кемшіліктерін біліп, өз-өзіне қаталдықпен
қарап, сол кемістіктердің болмауы үшін іс-әрекет жасап, өз-
өзін тәрбиелейді. Бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіріп, өмірде
тек өз орнын іздейді. Ал өзін-өзі жоғары бағалаған жағдайда,
оның нәтижесі мүлдем кері болмақ. Ақыл-сана қабілеттілігі
ғана жоғары бағаланып отырмайды. Жоғары сынып оқушысы
кез келген ақылмен істейтін жұмыста ең алдында «Мен» бо-
ламын дегеніне сенгісі келеді. Ол спорттағы жетістіктерімен,
айналасындағылардың ол туралы пікірімен де солай болады деп
ойлайды, бірақ ол тек бір рет болатын жағдай. Өзін-өзі дұрыс
қабылдамауға әкеліп соғады. Жігіт өзінің бойынан мін таппайды,
менде бәрі жақсы, ал кемістіктерім болып жатса, жетістіктеріме
қарағанда түк емес деп ойлайды.

    Бұл өзара бағалаудың қалыптасуының бір жағы ғана, екіншісі
– ол жігіттің айналасындағы жолдастары, олардың осы кезеңдегі
рөлі тым ерекше. 15-17 жастағылардың өмірде маңызды
құндықтылықтарының тізімінде ең бірінші болып тұратыны –
нағыз сенімді де адал достың болғанын қалайтындығы, «махаб-
бат» деген сезімнің өзі артқы тізімде қалды. Жігіттің «достыққа»
ұмтылуы негізінде мына іс-әрекеттер жатыр, басқаны түсіне
білу қажеттілігі, өзінің сырын білдіруі және өзін-өзі аша білуі.
Өскен сайын, ес жиған сайын жасөспірімнің өзімен сыр бөлісетін
адам тауып алғысы келеді.

    Ерте жігіттік кезге дос пен достық идеалы тән болып келеді.
Сараптама мәліметтеріне сүйенсек, бұл жастағы адамдар дос
бейнесін өзінің идеалды «Мен» бейнесіне ұқсастырып елестетеді,
ал досы мен өз идеалы арасы жақын болады да, өз идеалы мен
өзінің «Мен» бейнесінің арасы алыстай түседі.

    Сыналып отырған адам достарына, туыстарына, сынып
жетекшісіне, сүйікті мұғаліміне қаншалықты жақын екенін білу
үшін үш жеке көрсеткіш қолданылады: «түсіністік» (сұрағы:
Осы аталған адамдар қаншалықты сізді түсіне біледі?),
«сенімділік» (сауал: Осы адамдармен өз ойыңызбен, пікіріңізбен,
уайымыңызбен бөлісесіз бе?) және «қарым-қатынастың
оңайлығы» (сауал: Осы адамдармен араласа отырып, өзіңізді

                                    285

⇐ МАЗМҰНЫ
   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290