Page 286 - index Bapaeva
P. 286

қаншалықты жеңіл сезінесіз?). Жігіттер мен бойжеткендердің
бағалары жоғары болып түсті, өзгелермен түсіністіктері мол.
Тоғызыншы сынып оқушылары қаншалықты өзгелерге жақын
екенін анықтау үшін өзін-өзі бағалау әдісін пайдаландық, он алты
қасиеті бойынша өзін бағалады да және өзгелері маған қандай
баға берер екен деп болжам бағалау жасады. Өзгелері оны жақын
түсіне білсе, онда өз бағасы мен өзгелердің бағасы жақындай
түседі. Тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне берген бағадан гөрі
досының берген бағасы жоғары болатын шығар деп күтеді. Бұл да
жігіттік достықтың бір өзекті функциясы шығар. Тұлғаның өз-өзін
құрметтеуіне досының қолдау көрсетуі – бұл достықтың белгісі.
Ересектер достығы мен жігіттік достықтың психологиялық
айырмашылығын анықтайтын үш маңызды жағдай бар: өзін-
өзі танымдылығының қалыптасуының шартты түрде аяқталуы;
қызмет пен қарым-қатынас өрісін кеңейту және саралап жіктеу;
сырласу қатынасқа бейімделу.

    Жігітте «Мен» бейнесі жаңадан қалыптасып жатады, ал ере-
сек адамда ол белгілі бір тұрақталған құрылым болып қаланып
қойған. Ересектерге өзін-өзі шынайы бағалауға, жетістіктерімен
мүмкіндіктерін бағалауға өмірлік тәжірибесі мүмкіндік береді.
Ересек адам талаптанушылығы мен сұраныс аралығын өлшеп
жатпайды, оның санасы затталынған, әр нәрсені тура қабылдайды,
сондықтан да, оның психологиялық, айнаға қарауының
қажеттілігі жоқ. Жігіттік достықта маңызды болатыны өзін-өзі
тану функциясы. Ересек адамдардың достығында бұл функция
өз маңыздылығын жоғалтады, сөйтіп достық қарым-қатынаста
бұрынғыдай ақыл айту, сырласу дегеніміз кеми түседі. Басқа
түскен қиындықтарды, ауыр мәселелерді шешу үшін жігіт до-
сынан ақыл, көмек сұрайды. Ересектерді мазалайтын мәселелер
ауыр, қиын, күрделі болып келеді, сондықтан оны тек әңгімемен
шешу мүмкін емес. Сондықтан да оның достарымен қарым-
қатынасы заттылық сипаттаумен берілген.

    Жас кезіндегі достықтың орны бөлек, өйткені ол кезде жігіттің
басы бос, әлі отбасылы болмаған, мамандығы, сүйікті қызы да
жоқ. Ең маңызды болып тұрған – достық. Жігіттік достықтың
жалғыз «қарсыласы» – ата-анаға деген махаббаты, бұл сезімдер
екі жазықта тұр. Жаңа «ересек» қызығушылықтар пайда бола
бастағанда, достық өз орнын жоғалтады.

    Сонымен, жеке қарым-қатынастар дамуында өзіндік бір

                                    286

⇐ МАЗМҰНЫ
   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290   291