Page 287 - index Bapaeva
P. 287

заңдылықтар бар. Қатынастың бір түрі екіншісін дайындай бастай-
ды, ол күрделі болмақ, сол екіншісі біріншіге кедергі жасамақ бо-
лады. Мысалы, жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынастары
өте жайлы, жақсы, бала өзін жақсы сезінеді, ал құрдастар қатарына
қосылуы қиындықты тудырады, өйткені өз мәртебесі үшін күресе
білу керек. Күшті жігіттік достық кейде дау-жанжал тудырады.
Ол қалай болады? Мысалы, «топтағы, компанияда орын алуы
мүмкін». Ол ертеден кешке дейін достарымен жүріп, бірігіп тірлік
жасап, басқа нәрсемен айналысуды ойламай жүре береді. Оның
бары да, нары да достық пен достары. Міне, достары үйленіп,
шаңырақ көтеріп, әрқайсысы өз ісімен болып кетеді. Ал өзін
және достықты біртұтас деп санайтын жігітіміз жалғыз қалды. Ол
келесі кезеңге көшуден кеш қалды.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
    1. Жеке тұлғаның мінез-құлқы және дене бітімі типтерінің
байланысы туралы Э. Кречмер мен В. Шелдонның ғылыми
тұжырымдарына талдау.
    2. «Мен – тұжырымдамасының» үш негізгі құрамдас бөлігіне
сипаттама.
    3. Отбасындағы қарым-қатынастың: ассиметриялы және сим-
метриялы стильдерінің жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына әсері.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)

           тақырыптары

1. И. С. Кон бойынша «Мен – тұжырымдамасы» және оған си-

паттама.

2. Жоғарғы сынып оқушыларына тән қиындықтарға талдау.

3. Жасөспірімдердің  психологиясын              қарастырған

ғалымдардың көзқарастарын жинақтап кесте құру.

                          Реферат тақырыптары
    1. Жеткіншектің өзін-өзі бағалау мәселесі және талаптану
деңгейі.

    2. Жасөспірімдік кезеңге өтудің негізгі алғышарттары.

                     287

⇐ МАЗМҰНЫ
   282   283   284   285   286   287   288   289   290   291   292