Page 288 - index Bapaeva
P. 288

4.8. Жастық шақ кезеңнің ерекшеліктері

    Жоспары:
    1. Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері
    2. Оқыту үдерісінде бірлескен іс-әрекеттің студенттің
тұлғалық белсенділігін дамытудағы маңызы
    3. Ортамен өзара әрекеттестігінің студенттердің
тұлғасының қалыптасуындағы рөлі

    1. Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері

    Жастық шақ кезеңге сәйкес келетін студентті тұлғалық
жағынын қарастыратын болсақ, онда 18-25 жас аралығы бұл
адамгершілік және эстетикалық сезімнің белсенді дамуы,
мінездің орнығуы мен тұрақтану кезеңі, ең маңыздысы ересек
адамның әлеуметтік рөлінің сипатына ие болу: азаматтық, кәсіби-
еңбектік толық кешенін меңгеру.

    ЖОО-дағы оқу кезі екінші жасөспірімдік кезеңмен бірінші
ержету кезеңімен сәйкес келеді, өйткені тұлғалық қасиеттер
– үдерістің қалыптасуының қиындығымен ерекшеленеді. Бұл
жаста адамгершілік дамуына тән қасиет жүріс-тұрыстың сана-
лы мотивтерінің жетілуі болып табылады. Жоғарғы сыныпта
өз деңгейінде жетіспеген, қалыптаспаған қасиеттері осы кез-
де белгілі түрде нығая бастайды, олар мақсатына ұмтылуы,
шешім шығаруы, табандылығы, бағыттылығы өзін-өзі басқаруы
және дербес болуы. Әлеуметтік, моральдық құндылықтарға
қызығушылығы арта бастайды (мақсаттары, өмірдің мәні, қарызы,
махаббаты, сенімділігі және т.б.).

    Жоғары оқу орнында оқу уақыты тұлға қалыптасуының
күрделілігімен ерекшеленетін жастық шақтың екінші кезеңіне
немесе ересектіктің бірінші кезеңіне тұспа-тұс келеді. Мінез-
құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі осы жас шамасында
адамгершілік дамуға тән сипат болып табылады. Жоғары сынып-
тарда толықтай жетіспеген мақсаттылық, табандылық, батылдық,
дербестілік, бастамашылдық, өзін-өзі меңгеру қасиеттері нығая

                                    288

⇐ МАЗМҰНЫ
   283   284   285   286   287   288   289   290   291   292   293