Page 289 - index Bapaeva
P. 289

бастайды. Моральды проблемаларға (мақсатқа, өмір салты-
на, борышқа, сүйіспеншілікке, адалдыққа және т.б.) деген
қызығушылық артады.

    Сонымен қатар жас ерекшеліктер психологиясы және физио-
логиясы саласындағы мамандар адамның өзінің мінез-құлқын
саналы реттеу қабілетінің 17-19 жас шамасында толықтай дами
қоймайтындығын айтады. Әрдайым тұрарлық бола бермейтін
мотивтерге арқау етудің негізінде өз қылықтарының салдарын
алдын ала болжай алмаушылық, себепсізден себепсіз тәуекел ету
жағдайлары жиі кездесуі мүмкін. Мысалы, В. Т. Лисовский 19-
20 жас шамасының риясыз құрбандық пен толықтай жан-тәнімен
берілу, сондай-ақ теріс көріністердің де жасы деп есептейді.

    Жастық шақ – өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау кезеңі.
Өзін-өзі бағалау өзінің идеалды «Менін» реалды үлгісімен
салыстырудың негізінде жүзеге асырылады. Алайда идеал-
ды «Мен» әлі де болса жете анықталмағандықтан, кездейсоқ
болуы мүмкін, ал реалды «Мен» тұлғаның өзімен жан-жақты
бағаланбаған. Жас адам тұлғасының дамуында осындай
объективті қарама-қайшылықтың орын алуы оның өз-өзіне де-
ген сенімсіздігін тудырып, кей жағдайларда тіптен сыртқы
агрессияға, дөрекілікке, түсініксіздік сезіміне, ұласуы мүмкін.

    ЖОО оқыту кезеңі – бұл студентке білімнің, іскерлік және
дағды жүйелерінің қалыптасу уақыты. Дәл осы уақытта тұлғалық
қасиеттердің белсенді дамуы, даралықтың, ақыл-ойдың және
адамгершілік қасиеттері жүзеге асады, адамның маман ретінде
қалыптасуы жүреді. Студенттердің кәсіби әрекетті игеруі
оқыту үдерісінде жүзеге асады. Оқу іс-әрекетінің толығырақ
анықтамасын, Д. Б. Эльконин берген: «оқу іс-әрекеті алдымен
сол оқушының өзіндегі өзгерістердің жүзеге асатын әрекеттік
нәтижесі. Бұл іс-әрекеттің өзгеруі бойынша оның жемісі болып
субъектінің өзінің орындау барысы болып табылады». Мұндай
түсінікте оқу іс-әрекетінің пәні болып сол студенттің әлеуметтік
тәжірибенің элементтерін игеру жолында құрылатын тәжірибесі
анықталынады, ал жемісі – студенттің өзі және оның дамуы.	

    Жоғары оқу орындарындағы оқу барысында студент бойында
болашақ маман ретінде тұлғалық қалыптасуы бірнеше бағыттар
бойынша дамиды:

    – Рухани-идеялық сенімін және моральдық беталысы, кәсіби

                                    289

⇐ МАЗМҰНЫ
   284   285   286   287   288   289   290   291   292   293   294