Page 290 - index Bapaeva
P. 290

бағыттылығы қалыптасып өркендейді, мамандыққа қажетті
қабілеттілігі жетіледі;

    – өзіндік даму мүмкіндігі пайда болады, психикалық та-
ным үдерістерінің жүйесі нығаяды, кәсіпке сай эмоциялық
қалыптар жетіледі, жалпы кәсіби тәжірибенің алғышарттары
қалыптасады;

    – кәсіби жауапкершіліктің бастамалары пайда болады,
әрекеттің нәтижелігіне сай жауапкершілік туындайды, студенттің
индивидуалдылық жүйесі тұлға өрісінде белгіленеді;

    – студенттің болашақ мамандыққа сай талаптану деңгейі
тұлғалық сипат ретінде өсе бастайды;

    – әлеуметтік-мәдени және кәсіби мамандық тәжірибені өсіру
мен қажетті сапаны қалыптастыру негізінде студенттің тұлғалық
жақтары мен оның тұрақтылығы өркендейді;

    – студенттің болашақ маман ретінде қажетті қасиеттер мен
кәсіби тәжірибенің қалыптасуында өзіндік тәрбиелеудің рөлі ар-
тады;

    – болашақ практикалық еңбекке сай кәсіби дербестілігі мен
арнайы дайындығы нығаяды.

    Жоғары мектептегі оқу үдерісі – мақсат мотивтерден
ақпаратты қабылдаудан басталып, күрделі шығармашылық
үдерістерді іске асырумен аяқталатыны мәлім. Таным үдерістері
әртүрлі эмоциялық көріністерді және т.б. сипаттарды сана-
лы түрде жүзеге асыратын ақыл-ой әрекеті болып табылады.
Студенттердің оқу іс-әрекеті – белгілі білім көлемін меңгерумен
ғана шектелмей, олар оқу үдерісінде өз бетімен еңбектеніп
білім қорын дамытуға, сөйтіп еңбекке деген шығармашылық
көзқарастарын қалыптастыруда да ықпал етеді.

    2. Оқыту үдерінде бірлескен іс-әрекеттің студенттің
тұлғалық белсенділігін дамытудағы маңызы

    Оқытушының студенттермен қарым-қатынасы тапсырма-
лардыңкезкелгентүріншешубарысында басқарушылықәсеретеді,
оқу үдерісінің мүшелері, яғни оқытушы мен студент қатынасқа
түсетін барлық оқу жағдаяттының жүйелі ұйымдастырылуының
заңдылықтарымен жанамаланған, сондықтан оқу жағдаятының

                                    290

⇐ МАЗМҰНЫ
   285   286   287   288   289   290   291   292   293   294   295