Page 291 - index Bapaeva
P. 291

құрылымын оны құраушылардың өзара белгілі бір байланысы
деп қарау қажет.

    Психология пәнінің оқытушысына оқыту барысындағы
басқарушылық әсерлер затын анықтап алу қажет және өз пәні не-
месе өзінің тұлғасы арқылы дәрісханаға тікелей «психологиялық
әсер» ету мүмкіндігі алданышынан аулақ болу керек.

    Оқу жағдаятының құрылымына келесідей құрушыларды
бөліп қарастырады:

    а) оқу пәнінің объективті құрылымданған мазмұны.
    Құрылымданудың сипаты оқушылар меңгеруі тиіс әрекеттер
мен операциялардың бағдарламасын және оларда қалыптасатын
танымдық іс-әрекет түрлерін анықтайды:
    б) оқу пәндері мазмұнын меңгеретін, оқу іс-әрекетінің
жалпыланған тәсілдері мен меңгерудің бір деңгейінен келесі
деңгейіне ауысу үдерісін ұйымдастыратын процедуралар;
    в) оқу үдерісіндегі тұлға дамуының әлеуметтік реттелу түрі
ретіндегі оқытушының студенттермен оқу іс-әрекеттестігі мен
студенттердің өзара әрекеттестік жүйесі. Бұл жүйенің өзінің
белгілі бір мақсаты, тәсілі, әрекеттестігінің құралдары мен про-
цедуралары болады;
    с) меңгеру үдерісінің жүру барысы бойында синхронды және
диахронды процедуралардың, яғни аталған айнымалылардың
өзара байланыс динамикасы, олар оқу үдерісінде білім мазмұнын
меңгеру үдерісін де сәйкестендіреді.
    Оқу-тәрбие жағдаяты – оқу үдерісінде даму динамикасындағы
барлық айнымалылардың өзара байланысының белгілі бір
түрі. Оқытушы әлеуметтік тәрбие ортасын ұйымдастырушы,
оның оқушылармен өзара әрекеттестігінің реттеушісі мен
бақылаушысы болуы қажет, яғни оқытушы, бұл – ең алдымен
біртұтас оқу-тәрбие жағдаятын оның барлық айнымалыларының
бірлігінде ұйымдастырушы болып табылады. Оқу-тәрбие
жағдаятының негізгі кезеңі барлық әдістемелік мәселелер мен
тапсырмалар аумағы анықталатын оның мүшелерінің тікелей
әрекеттестігі мен қарым-қатынас түрі.
    Әрдайым ұғыныла бермесе де, өзара әрекеттестік
педагогикалық қарым-қатынастың кез келген түрінің іргетасы
болып табылады. Сондықтан да әртүрлі әрекеттестіктің тұтастай
жүйесі ретіндегі педагогикалық қарым-қатынасты түсіну үшін

                                    291

⇐ МАЗМҰНЫ
   286   287   288   289   290   291   292   293   294   295   296