Page 292 - index Bapaeva
P. 292

оқытудың психологиялық механизмін оның қатысушыларының
өзара әрекеттестігі ретінде ашу қажет.

    Бірлескен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен
түрлері зерттеу мен үйренудегі негізгі қиындық, оқытушының
сапасы үшін тәсілдердің оқыту мақсаты мен тапсырмалардың
заттық мазмұнымен бүркемеленуінде. Оқытушының тұлғалық
ұстанымы мен оның студенттермен ынтымақтастық тәсілдерінің
психологиялық ерекшеліктері тәрізді оқу ынтымақтастығының
маңызды компоненттері аз ұғынылады. Соған сәйкес,
оқытушыларды педагогикалық қарым-қатынасқа үйретудің
алғышарты – оқу үдерісін олардың өзара әрекеттестің көптеген
түрлері ретінде теориялық тұрғыдан ұғынуы болып табылады.

    Бұдан төмендегідей мәселелер туындайды:
    ●● оқытушының студенттермен «өзара оқу әрекеттестігі»,
«бірлескен іс-әрекет» ұғымдарының мазмұнын нақтылау мәселесі;
    ●● оқыту үдерісінде студенттермен тұлғасын тәрбиелеуде
бірлескен іс-әрекеттің қандай түрі ең мақсатты бағытталған
тәрбиелеу әдісі болатыны жайлы мәселе.
    Оқытушының студенттермен бірлескен іс-әрекеті оқыту
үдерісін басқару және өзін-өзі басқарудағы негізгі кезең бо-
лып табылады. Бұлар іс-әрекетті қалыптастыру үдерісінде
әрекеттермен, операциялармен, осы әрекет мүшелерінің вербал-
ды және вербалды емес белгілерімен алмасу актілері. Актілер
іс-әрекет мазмұны және оқыту мүшелерінің әрекеттестік про-
цедураларымен байланысты келеді, оқыту үдерісі мүшелері
арасындағы өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас нормалары
және тұлғалық бағыттары, заттық іс-әрекет тәсілдерін өзін-өзі
басқару механизмін құрастыруға арналған.
    Оқытушының студенттермен бірлескен іс-әрекеті – оқу
жағдаяты айнымалыларының жүйесін ұйымдастырудың қажетті
жолы. Ынтымақтастықсыз оқыту мүшелерінің арасында кез кел-
ген жаңа іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін емес.
    Бірлескен оқу іс-әрекетіне тән ортақ ерекшелік – меңгерілген
мазмұн және өзіндік әрекеттестікке қатысты тұлға ұстанымын
қайта құру мен қайта жасау, яғни оқыту мүшелері арасындағы
әрекеттестік пен қатынастың, құнды бағдарлар, мағыналық
бағдарлардың оқыту мақсаттарын өзгерту. Білім алушының
тұлғалық ұстанымын өзгерту оның жаңа іс-әрекеттердің

                                    292

⇐ МАЗМҰНЫ
   287   288   289   290   291   292   293   294   295   296   297