Page 293 - index Bapaeva
P. 293

жаңа деңгейін меңгеруіне, оқытушының студенттермен өзара
әрекеттесудің жаңа түрлеріне ауысуына жағдай жасайды.
Оқытушы кәсіби іс-әрекеттің мағынасын алып жүруші ретінде
жүретін оқу үдерісі мүшелерінің өзара әрекеті мен қатынасы
студент тұлғасы ұстанымындағы өзгерістерді психологиялық
талдаудың мәнін анықтайды.

    Оқытушы мен студенттер арасындағы әрекеттестіктің кәсіби-
тұлғалық аспектісі іс-әрекеттің меңгерілу үдерісін реттейтін
әрекеттестіктің заттық-мазмұндық жағымен тығыз байланыс-
та. Соған орай оқытушының мінез-құлқы мен тұлғасының
әлеуметтік ұйымдастырылуы мүмкін болатын арна құрылады.
Оқу жағдаяты бұл жағдайда оқу-тәрбие жағдаятына айналады.
Яғни, тәрбиелік қызметті алып жүрушілер оқу пәніндегі білімнің
өзі емес, бірлескен оқу іс-әрекетінің жүруі барысындағы оқу
әрекеттестігінің тұлғалық компоненті болып табылады.

    Оқытушы мен студенттердің бірлескен оқу іс-әрекетінің
мақсаты – оқыту, меңгерілетін пәндік іс-әрекет пен өзара
әрекеттестік актілерінің өзін-өзі реттеуші механизмдерін құру
болып табылады. Оның пәні – оқытудың жалпылама және
ұғынылған тәсілдері және өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас
нормалары. Бірлескен іс-әрекет өнімі – студенттердің оқытудың
жаңа мақсаттарын, меңгерілген іс-әрекет мазмұнымен байланы-
сты мақсаттарды өз бетімен ұғынуы, серіктестіктегі тұлғалық
ұстанымдарын реттеуі. Бірлескен іс-әрекет мақсаттарына қол
жеткізу құралы ретінде оқытушының студенттермен өзара
әрекеттестік жүйесі көрінеді. Бұлар оқу тапсырмаларын шешу
кезінде студенттердің барынша көмегімен оқушылардың өзіндік
белсенділігін ұлғайтудан пәндік және оқу әрекетін толығымен
өзі реттеу, оқытушы серіктестік бағытының пайда болуына
дейінгі белгілі бір бірізділікпен ашыла түседі. Қазіргі кез-
де ынтымақтастықтың үштен алтыға дейінгі түрлерін бөліп
көрсетеді:

    ● іс-әрекетке кірісу;
    ● бөлек әрекет;
    ● еліктеушілік әрекет;
    ● қолдаушылық әрекет;
    ● өзін-өзі реттегіштік әрекет;
    ● серіктестік.

                                    293

⇐ МАЗМҰНЫ
   288   289   290   291   292   293   294   295   296   297   298