Page 294 - index Bapaeva
P. 294

Бірлескен іс-әрекет тәсілдері қарым-қатынас кезеңдеріне
ұқсас бірлескен іс-әрекеттің бірлігі ретінде қарастырылатын
әрекеттестік кезеңдерімен көрсетіледі. Әрекеттесу кезеңдері
өздерінің атқаратын қызметі бойынша әркелкі және іс-әрекеттің
– түпкі (мотив), бағдар, бақылау мен бағалау сияқты қызметтік
құрылымына сәйкес келеді. Олар түрлі актілермен алмасуды
қамтиды. Мәселен, оқытушы әрекетті бастайды, студенттер
оны ары қарай жалғастырады немесе аяқтайды, оқытушы оқу
тапсырмасын ұсынады, студенттер оны шешу варианттарын
береді және т.б. Мағына құрайтын және мақсатты білдіретін,
бағдарлаушы және жоспарлаушы, бақылаушы және бағалаушы,
т.б. кезеңдер болып бөлінеді.

    Іс-әрекеттің әрбір түрі бірлескен оқу іс-әрекетінің мақсатына
қол жеткенінше, өзгеріп және жаңарып отыратын әрекеттестіктің
қызметтік ерекше кезеңдері жүйесі ретінде оқу үдерісінде дами-
ды.

    Сонымен оқытушының студенттермен ынтымақтастығы
іштей психологиялық күштену заңдылығы бар үдеріс ретінде
анықталады. Күштену оқытушы мен студент тұлғасы арасындағы
қарама-қайшылықтарды алға тарту мен шешу нәтижесінде пай-
да болады және студенттер өрісінде белсенділіктің сандық
өсуінде де, белсенділіктің қайта құрылуында, оқытушы мен
студенттің құндылық-тұлғалық ұстанымының қайта жасалуынан
да байқалады. Олардың оқу динамикасына тән ортақ ерекшелік,
мәселен, студенттің жаңа іс-әрекетке кірісуінен өздігінен
басқарылатын пәндік әрекетті қамтамасыз ететін оқуды
толығымен өзі басқаруын, өзіндік ұстанымдар мен қатынастарды
реттейтін оқу тапсырмаларын шешу барысында оқытушы мен
студенттердің арасындағы бірлескен оқу іс-әрекеті бөлінген фа-
засына ауысу. Алайда егер оқытуды өздігінен басқару оқытудың
жеке мақсаттарына қол жеткізу құралдарынан (пәндік-мазмұнды
білім мен әрекеттерді қалыптастыру) оқытудың өзіндік мақсатына
айналса, ал субъектінің оқыту үдерісі өздігінен басқарылатынға
айналатын болса, онда тұлғаның жаңадан өзін-өзі басқару
мақсаттарына өтуінде ынтымақтастық түрлерінің динамика-
сы мен олардың студент тұлғасының психикалық дамуындағы
рөлінің мағынасы түйінделген Л. С. Выготский осы үдерістің
үш сатылығын былай көрсеткен болатын: ынтымақтастықтың

                                    294

⇐ МАЗМҰНЫ
   289   290   291   292   293   294   295   296   297   298   299