Page 295 - index Bapaeva
P. 295

алғашқы екі түріне сәйкес келетін сыртқы интерпсихикалық
түрден ішкі интрапсихикалық құрылымға, содан соң «іс-
әрекеттің әрбір жеке актісінде тұлғаның қатысуын» білдіретін
психикалық үдерістер арасындағы рефлексивті байланыстар,
яғни байланыстың жаңа типі – «үшінші қызметіне» қарай
жүреді.

    Сонымен, ынтымақтастық түрін қайта жасау, яғни оқытушы
мен студент тұлғасының ұстанымдарын өзгерту оқу субъектісінің
өзін-өзі өзгертуіне алып келеді. Ынтымақтастық түрлері білім
алушы өз бетімен оқу курсын, оқу мақсаттарының мазмұнын
анықтай алатын басқару психологиясының үлгісі бойынша оқуды
басқаруын қамтамасыз етеді.

    Ынтымақтастық – балалар мен ересектердің бірлескен дамыт-
палы іс-әрекетінің өзара түсіністікпен бір-бірінің жан-дүниесіне
бойлауымен, сол іс-әрекеттің жүру барысы мен нәтижелерін
ұжымдық талдауымен бекітілген гуманистік идея.

    Ынтымақтастық стратегиясының негізінде педагогтың
оқушылардың танымдық қызығулары мен белсенділігін туында-
туын бағыттау идеялары жатыр.

    Оқытудың осындай формасының маңызы аса зор
болғандықтан, бүкіл педагогикалық үдерісті педагогикалық
ынтымақтастық деп қарастыру тенденциясы да бар.

    Оқытудағы ынтымақтастық проблемасы (ұжымдық,
кооперативті, топтық формалары) соңғы он жылдықта, біздің
елде, алыс-жақын шет елдерде (С. Г. Якобсон, Г. Г. Кравцов,
А. В. Петровский, В. Я. Ляудис, Г. А. Цукерман, А. К. Маркова
және т.б.) белсенді және жан-жақты қарастырылуда.

    Оқу үдерісіндегі ынтымақтастық негізгі төрт бағытты:
    1. оқытушы-оқушы (оқушылар);
    2. оқушы-оқушы (диада немесе триада);
    3. жалпы-топтық қарым-қатынас;
    4. оқытушы-мұғалімнің ұжымы қамтиды.
    Г. А. Цукерман қосымша маңызды туынды ретінде оқушының
«өзі-өзімен» ынтымақтастығын ұсынады.
    Қазіргі кезде, зерттелушілердің педагогикалық қарым-
қатынасқа аса назар аударуына қарамастан, мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара әрекеті мен ынтымақтасып істейтін іс-әрекет
категориялары әлі жете зерттелмеген мәселелер қатарына жа-
тады. Оқытушының студенттермен ынтымақтасқан іс-әрекеті

                                    295

⇐ МАЗМҰНЫ
   290   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300