Page 296 - index Bapaeva
P. 296

өзара коммуникативті сипатта болуымен қатар, оқытушының
студенттердің ұжымымен бірлікте атқаратын практикалық
іс-әрекеті болып табылады. Ондай істер студенттер тобы-
мен де, ұжым құрамындағы дара студентпен де өзара іс-
әрекеттерін де қамтиды. Мұндай өзара әрекеттер әрқашанда
саналы түрде жүргізілмесе де, кез келген педагогикалық қарым-
қатынас жасаудың негізін (фундаментін) құрайды. Сондықтан
педагогикалық қарым-қатынастағы әртүрлі әрекеттердің тұтас
жүйесін түсіну үшін, ең алдымен «студент-студент» жүйесіндегі
емес, «оқытушы-студент» жүйесіндегі өзара әрекетке баса көңіл
бөліп, оқыту үдеріндегі оқытушы мен оқушы арасындағы
әрекет түрлерінің психологиялық механизмін (тетігін) ашып
көрсету қажет болады.

    Ынтымақтастық сипаттағы оқу іс-әрекетінің тәсілдері мен
түрлерін ұйымдастыруды зерттеу және оны үйреншікті тәсілге
айналдырудағы қиындық, бұл тәсілдердің оқытушы санасында
орнығып қойған оқытудың мақсаты мен міндеттерінің пәндік
мазмұнының көлеңкесінде қалып қоюы. Мұндай көзқарас
әдетте, оқытушының жеке адамдық позициясы мен оның
студенттер ұжымымен қарым-қатынасындағы психологиялық
ерекшеліктері болып көрінетін оқушылардың өзара қарым-
қатынасын ұйымдастыру тәсілдері сияқты оқыту үдерісіндегі
маңызды компоненттерге жете мән бермеуіне әкеліп соғады.
Сондықтан оқыту үдерісіндегі қарым-қатынас түрлерінің
әралуандығын теориялық тұрғыдан анықтау – оқытушының
оқушылар ұжымымен ынтымақтасты іс-әрекетін оқытушының
өзін педагогикалық қарым-қатынасқа баулудың қажетті шарты
деп түсіну керек.

    Оқытушының педагогикалық қарым-қатынас жасаудағы
ерекшеліктерінің мынадай маңызды екі түрлі мәселесін
қарастырып кеткеніміз жөн. Біріншіден, мұғалім мен оқушы
арасындағы «оқу әрекетіндегі» және «ынтымақты іс-әрекет»
ұғымдарының мазмұнын дәлелдеу. Екіншіден, ынтымақты іс-
әрекеттің кез келген түрін оқыту үдерісінде оқушылардың
жеке тұлғасын тәрбиелейтін мақсатқа бағытталған әдіс ретінде
қарастыруға болады. Басқаша айтқанда, ынтымақтасқан іс-әрекет
нәтижесінде оқу әрекетінің түрлі формалары мен одан туындай-
тын жеке тұлғаның бойында пайда болатын жаңа құрылымдары
толығырақ іске асырылатыны туралы мәселе.

                                    296

⇐ МАЗМҰНЫ
   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301