Page 297 - index Bapaeva
P. 297

Ынтымақтасты іс-әрекетті қалыптастыру үдерісінде түрлі
әрекеттер мен операцияларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері
мен мақсат-міндеттерінің мән-жайын анықтап, оқыту үдерінде
қолданып отыру. Бірлескен іс-әрекет (ынтымақтасқан іс-әрекет)
деп, біз іс-әрекетті қалыптастыру үдерісінде әрекеттермен, опе-
рациялармен және осы әрекеттер мен операциялардың сөз
жүзіндегі және сөз жүзіндегі емес сигналдарымен оқытушы
мен сигналдарымен оқытушы мен оқушылар және
оқушылардың өзара алмасу актілерін айтамыз. Бұл актілер
іс-әрекеттің мазмұнымен де, оқытуға қатысушылардың өзара
әрекеттесу процедураларымен де байланысты. Әрекеттермен
алмасу актілері игерілетін іс-әрекеттің ішкі реттегіштерінің
жасалуының объективті логикасында қайтадан басқаша жаса-
лып, өзгеріп отырады. Заттық (пәндік) іс-әрекет тәсілдерінің
өзін-өзі басқаруының механизмдерін құруға жеке тұлғалық
позицияларды, қарым-қатынас нормалары мен оқыту үдерісіне
қатысушылардың өзара әрекеттеріне бағытталған.

    Оқытушының оқушылармен ынтымақтасқан іс-әрекетін
қарастыруға арналған бірнеше эксперименттік зерттеулерге
сүйеніп ынтымақтасқан оқу әрекетінің жалпы ерекшеліктерін
анықтап, оның құрылымы мен функциясын айқындауға бола-
ды.

    Оқытушының студенттермен ынтымақты іс-әрекеті оқу
жағдаятының айнымалы шамалар жүйесін ұйымдастырудың
қажетті шарты ретінде көрінеді. Кез келген жаңа іс-әрекетті
қалыптастыру оқытушы мен оқушылар арасындағы жан-жақты
дамыған әрекеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

    Оқушылардыңтапсырманыорындау,дағдыны қалыптастыруда
бірлескен әрекетінің артықшылығын осы проблеманың жетекші
зерттеушісі Г. А. Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жал-
пылай отырып, былай деп көрсетеді:

    ●● игерілетін (ұғынылатын) материалдың көлемі мен
тереңділігі артады;

    ●● балалардың танымдық және тұлғалық белсенділігі мен
өзіндік шығармашылығы өседі;

    ●● білім мен іскерліктерді қалыптастыруға азырақ уақыт
қажет болады;

    ●● оқу мотивациясының кемшілігінен туындайтын тәрбиелік
тұрғыдағы қиындықтар азаяды;

                                    297

⇐ МАЗМҰНЫ
   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302