Page 298 - index Bapaeva
P. 298

●● оқушылар сабақта көбірек қанағаттанып, мектепте

өздерін жақсырақ сезінеді;

●● оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты

өзгереді, т.с.с.

Оқу ынтымақтастығының өзінде екі жағы:

а) бірлескен әрекеттің баланың дамуына, оның оқи білу

іскерлігінің, топ, ұжымның қалыптасуына және ә) бірлескен

іс-әрекетті қалыптастыру мен оның балалардағы жаңа іс-

әрекеттің туындауындағы рөлі көрінеді.

Проблеманың екінші жағы оқу-танымдық, іс-әрекеттің

даму негізі бола тұрса да аз зерттелген. Бірлескен іс-әрекетті

жаңа іс-әрекетті туындатушы тұрғысынан қарастыру субъектіге

емес, сол іс-әрекеттің өзіне әсер етудің алғышарты болады.

П. Ф. Каптеров бойынша – бірлескен іс-әрекет формасы

оқу әрекетіне қажетті көптеген іскерліктерді қалыптастыруға

түрткі болады.

Барлық зерттеушілер, бірлескен топтық ынтымақтастықтың

іс-әрекет нәтижелеріне, оқушының тұлғасына, топтың ұжымдық

деңгейге көтерілуіне күрделі психологиялық механизмдер

арқылы оң әсерлерін айта келіп, рефлекцияның маңыздылығын

көрсетеді, сол арқылы «қатысушының өз әрекетіне және сол

әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен формасына сәйкес

көзқарастары».

Рефлексияның дамуының, оқушылардың рефлексивті

ойлануының үлкен тәрбиелік, жалпы дамытпалы да мәні бар,

себебі бірлескен әрекетте іс-әрекеттің рефлексивті сәттері және

де бақылау (өзін-өзі бақылау), бағалау (өзін-өзі бағалау) пай-

да болып, дамып отырады. Бірлескен әрекеттің жемісті өтуіне

бірнеше факторлар: тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі ұйымдастыру

дағдылары, іскерлік қарым-қатынас және қатысушылардың іс-

әрекетке дайындығының деңгейі әсер етеді.

Сонымен, оқытушы мен студенттің жеке тұлғалық

позицияларының өзгеруіне байланысты ынтымақтастық

формаларының өзгеруі оқу субъектісінің өзін-өзі өзгертуінің

мүмкіндігін тудырады. Ынтымақтастық        формалары

оқытуды басқару кибернетикалық модель типінде емес (кейбір

зерттеушілердің образды теңеулері бойынша студент берілген

курспен жүретін рульді басқарушы), басқарудың психологиялық

                            298

⇐ МАЗМҰНЫ
   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302   303