Page 299 - index Bapaeva
P. 299

моделі типінде, студент соңында капитан сияқты, өз бетімен
оқыту мақсатының мазмұнын айқындайтын бағыт алады.

    Студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен, танымдық іс-
әрекеттері арқылы қалыптасады. Оқыту әрекетінде студенттердің
қызығушылығы, қабілеттері, мотивтері (ниеттері), темпераменті
мен мінезі тағы басқа да психикалық қылықтарынан көрінеді.
Сондықтан оқытушылар негізгі мақсатқа жету – қандай
психикалық үдерістер, жағдайлар мен қасиеттерге байланыс-
ты екенін ажырата білулері керек. Оқу материалын қалай
ұтымды пайдалануды, теориялық және практикалық даярлығы
бар болашақ мамандарды жан-жақты дамытуға қажетті оқыту
жағдайларында білулері қажет.

    Аса күрделі де өзекті мәселелердің бірі – жоғары мек-
тепте студенттерді кәсіби деңгейі жоғары маман әрі тұлға
ретінде жетілдіру. Бұл мәселені өзінің сыртқы және ішкі
әлемін өзгерте, дамыта алуға психологиялық денсаулығы мен
әлеуеті жеткілікті, белсенділігі мен жауапкершілігі жоғары
студенттерді психологиялық дайындаудың ерекше жүйесін құру
арқылы шешуге болады. Анығында, жоғары оқу орнындағы
психологиялық дайындау студенттердің психологиялық даярлық
пен субъектілік деңгейлерін ұштастыра дамытуға бағытталуы
тиіс.

    Студенттің тұлғалық белсенділігін арттырудағы өзіндік
сана сезімінің реттегіштік рөлі студенттің өзін практикалық
және танымдық іс-әрекетінің субъектісі, жеке өзінің адамгершілік
қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын және
мінез-құлқын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауда көрінеді. Өз
бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істеу, білу, яғни оқу материал-
дарын таңдау, жаңаны қабылдаумен меңгеру, алған білімдерін іс
жүзінде қолдана білу, т.б. студенттердің тұлғалық белсенділігін
қалыптастырудың алғы шарттары болып есептеледі.

    Студенттің өзіне сыни көзқараспен қарай отырып, өз
мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуінің негізінде,
өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланысты-
ра алу қабілеттілігі белсенділіктің белгілі бір мәнді көрсеткішке
жеткізетіндігі сөзсіз. Оның ішінде, өзін-өзі бағалау студенттің
өзіне деген сенімін арттырып, рухани күш алады, өзінің ай-
наласын қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, өзіне сыни

                                    299

⇐ МАЗМҰНЫ
   294   295   296   297   298   299   300   301   302   303   304