Page 300 - index Bapaeva
P. 300

көзбен қарауын, талап қоя білуін, сәтсіздік пен жетістікке қалай
қарайтындығына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, студент өзінің
іс-әрекетінің тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына
әсер етеді, мұнда ескеретін жағдай, ең алдымен сол адамға
басқалардың беретін бағалау критерийлеріне қарай қалыптасуы,
бұл тұлға өзін қоршаған адамдар қалай бағалайтындығына қарай
өзіне-өзі бағалауға бейім екендігін көрсетеді.

    Өзін-өзі белсендіретін студент қай уақытта болмасын өзінің
мүмкіндіктерін үнемі толық ашып, дамытуға ұмтылушылық
қасиеті тән тұлға. Осындай тұлға болып жетілуде студент-
тер болашақта шығармашылыққа, толыққанды қарым-қатынас
жасауға, өз ойындағысын орындауға қабілетті бола отырып,
ізгілікті, тұлғалық бағдары тәрбие жүйесінде өзін қалыптастыра
алады.

    Сонымен белсенділік студенттердің оқу-тану әрекетіне, ол
мәселеге берілген уақытта мақсатқа жетуге ұмтылыс жасаумен
сипатталады.

    Белсенділік – жаратылыстағы заттардың, құбылыстардың,
тірі организмнің іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысының қарқынын
білдіретін ұғым. Оқытудың белсенді әдістері – студенттердің
танымдық іс-әрекеттерін ынталандыратын әдістер. Белсенді оқыту
әдістері студенттердің белсенділіктерінің жоғары деңгейімен си-
патталады. Оқу және оқу-өндірістік іс-әрекеттегі белсенділіктерін
арттыруда оқыту әдістерінің мүмкіндіктері түрліше.

    Психикалық белсенділік – субъектінің ұстанған бағдарын
жүзеге асыру барысындағы іс-әрекетінің жігерлілігі. Ол жеке
тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай
әсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байла-
нысты. Психологиядағы белсенділік – адамның сыртқы ортамен
қарым-қатынас жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс-
әрекетпен байланысты бағаланады. Психологияда белсенділікті
тұлға белсенділігі, жағдаятқа үстем белсенділігі, іздену
белсенділігі, шектен асқан белсенділік деп бөледі.

    Тұлға белсенділігі – адамның шығармашылықтағы, іс-
әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-қатынастағы тегеурінділігі. Бұл
адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқалатын
қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптілігі мен өз
көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірлігінен көрінетін
адамның белсенді өмірлік позициясы ретінде сипатталады.

                                    300

⇐ МАЗМҰНЫ
   295   296   297   298   299   300   301   302   303   304   305