Page 301 - index Bapaeva
P. 301

Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту,
студенттің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың
мақсаты – бағыт-бағдар беру. Шығармашылық қалыптастыру
кезеңінде әртүрлі іс-әрекеттер, қасиеттер қалыптасады.

    Шығармашылықтың дамуы бірінші кезекте меңгеру арқылы
жүзеге асады. Меңгеру – психологиялық тұрғыдан алғанда
адамның икемділігінің, бейімділігінің, қабілеттілігінің нәтижесі.

    Шығармашылық үдерісінде студенттің іскерлік қабілеті
нығайып, жетіледі. Сонымен қатар жаңа дағдыларды игереді.
Екінші жағынан, қарастырсақ материалдық және рухани
байлықтар жасап, сол арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін
қосады.

    Шығармашылық қабілет студенттің бойында практикалық
сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау барысын-
да қалыптасады. Педагогикалық іс-тәжірибе студенттердің
шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастырады.
Студенттердің шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын
қалыптастыруда аудиториядан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар
ұйымдастыруда, шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен
ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер
және факультативтік сабақтардың маңызы зор.

    Барлық шығармашылық жұмыстарда студенттердің
қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Студенттердің
танымдық, ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың
танымдық қажеттіліктерін, шығармашылығын қалыптастыруға
әсер етеді.

    Сонымен қатар студенттің шығармашылық дербестігі мен
ізденімпаздығын қалыптастыруда оқытудың педагогикалық
шеберлігі қажет.

    Оқытушы студенттерге шығармашылық іс-әрекетін
ұйымдастыру мақсатында түрлі ғылыми тақырыптарды орын-
дауда мынадай талаптар қояды:

    – шығармашылық тапсырмалар орындауда пәннің жеке си-
патын, мазмұнын ескеру;

    – шығармашық тапсырмалар деңгейінің әртүрлі болуы;
    – ғылыми тапсырмалардың бұрын берілген тапсырмалармен
байланыста және бір жүйеде берілуі;

                                    301

⇐ МАЗМҰНЫ
   296   297   298   299   300   301   302   303   304   305   306