Page 302 - index Bapaeva
P. 302

– студенттердің білімі мен біліктерін жетілдіретіндей бо-
луы;

    – студенттердің жеке қабілеттерін ашатындай және шығар-
машылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.

    Студенттердің дербес шығармашылықпен жұмыс істей алу
әрекеті белсенділікті, ізденімпаздықты, өз еркімен жұмыс істеуді
талап етеді. Оны ыңғайландыру, студенттің күнделікті рухани
қажеттілігіне айналдыру, жоғары оқу орындарындағы қазіргі
кездегі маңызды міндет болып отыр.

    Шығармашылық студенттің танымдық қабілетіне
мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындай-
ды. Студенттің шығармашылық деңгейінің пайда болуы оның
іс-әрекетінен аңғарылады. Ең алдымен, студенттің іс-әрекетке
көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі.

    Студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда
бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. Мысалы:

    – қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге;
    – ғылыми жаңалықтарға тұрақты қызығушылықтың пайда
болуы;
    – оқу танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға
талпыну;
    – білім алуға, шығармашылық жұмыспен тұрақты қызы-
ғушылық;
    – тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-әрекеттің
нәтижелі болуына әсер етуі. Шығармашылық студенттің дер-
бес іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп,
белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.
    Оқытудың педагогикалық шеберлігі, оқу материалының
түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді
әдіс-тәсілдер, оқытушы мен студент арасындағы жылы қарым-
қатынас шығармашылықтың қалыптасуына септігін тигізеді.
    Жоғары оқу орындарында лекция, семинар сабақтарының
жоғары деңгейде өтуі студенттің дайындығына сәйкес әртүрлі
әдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру, сабақта түрлі
танымдық ғылыми тұрғыда берілген тапсырмаларды кеңінен пай-
далану студенттің білімге деген қызығушылығын қалыптастыра
отырып, өз бетінше іздену жұмыстары арқылы шығармашылығын

                                    302

⇐ МАЗМҰНЫ
   297   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307