Page 35 - index Bapaeva
P. 35

Г. С. Холлдың рекапитуляция теориясы бойынша адамның
онтегенездегі жеке дара дамуы алғашында филогенездің, кейін
антропогенездің, ақырында – социогенездің қайталануы. Өз
теориясының дәлелі ретінде зерттеуші бір жағынан баланың
онтогенездегі дамуы мен екінші бір жағынан жануарлар
түрлерінің, адамзат тарихының дамуы мен адамның түр ретінде
қалыптасу үдерісінің арасындағы ұқсастықтарға нұсқайды.
Г. С. Холлдың тұжырымдамасы сол кезде барлық зерттеушілермен
сыналғанымен, оны ұстанатындығына нұсқамаған бірде-бір
зерттеуші болмаған шығар. Барлығын онтогенетикалық дамуды
түсіндірудің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы қызықтырды.
Мысал ретінде,

    В. Штерннің кезеңдерге бөлу үлгісін қарастыруға болады.
Зерттеуші адамзат дамуының негізгі алты кезеңін немесе дәуірін
ажыратып береді. Онтогенетикалық дамудың әрбір кезеңіне
нақты тарихи дәуір сәйкес келеді. Бала өмірінің алғашқы алты
айы оның психикасының деңгейі бойынша сүтқоректілердің
деңгейіне сәйкес келеді. Бала өмірінің екінші жарты жылдығы
жоғары приматтардың деңгейіне (қармау әрекеті, локомоциялар
дамуының басталуы) сәйкес келеді. Бала өмірінің екінші, үшінші
жылдарын В. Штерн баланың еркін тік жүруі мен сөйлеуін адам
дамуы тарихының алғашқы кезеңдеріндегі жетістіктерімен бай-
ланыстырып, «адамзат тарихының дәуіріне ену» деп атайды.
Төртінші кезеңді ол үш жастан алты, жеті жасқа дейін «ойын және
ертегілер жасы» деп атайды. Бұл ақиқат пен әлемді қабылдаудың
мифологиялық меңгерілуімен сипатталатын антикалық тарих
дәуіріне сәйкес келетін, қиял мен фантазия жетекші рөл атқаратын
жас шамасы. Бастауыш сынып кезеңін В. Штерн әртүрлі
әрекеттердің (ремесла), сабақтардың меңгеріле басталуымен, ал
жасөспірімдік кезеңді – Орта ғасыр дәуірімен байланыстырады.
Зерттеуші жасөспірімнің әлемді қабылдауының дихотомия (ақ
– қара, жамандық – жақсылық, әділдік – әділетсіздік,), максима-
лизм сияқты ерекшеліктерін көрсетіп, оларды адамзат қоғамының
әлемді қабылдауының «ақ – қара» кезеңімен байланыстырады.

    Рекапитуляция теориясы негізді әрі маңызды сынға
ұшырағанымен, адамзат дамуының тарихы мен адамның жеке дара
дамуының арасындағы сәйкестіктер идеясы танымалдылыққа ие
болып, З. Фрейдтің, А. Геззелдің, Ж. Пиаженің, Э. Эриксонның
көзқарастарына ықпал етті. Тарих пен жеке дара дамудың

                                     35

⇐ МАЗМҰНЫ
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40