Page 100 - index
P. 100

қа стильдері сияқты публицистикалық стиль де сан қырлы,
қатпарлы болып келеді. Белгілі бір тілде публицистиканың өз ал-
дына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін,
артқанын көрсетеді. Публицистикалық стиль ерекше күрделі де
тармақты, есепсіз өтпелі (стиларалық) құбылыс болып табылады
және қоғамдағы саяси-әлеуметтік, идеологиялық, экономикалық,
құқықтық, мәдени, т.б. қатынастарды қамтиды. Ол бұқаралық
ақпарат құралдары – газеттерде, радиода, теледидарда, қоғамдық-
саяси және әдеби жорналдарда, лекцияларда, мәслихаттарда,
жиындарда және ереуілдерде сөйлеушілердің сөздерінде қол­
данылады. Бұлардың ішіндегі ең көп қолданылатыны – газет пен
теледидар, өйткені олар бұқаралық коммуникацияның ең таны-
мал түрлері. Публицистикалық стиль қызметі мен қолданылу
мақсатына қарай төмендегідей негізгі бөліктерге бөлінеді: саяси-
үгіттік (үндеу, ұрандар, прокламация – саяси мәнді үгіт листов-
касы), ресми саяси-идеологиялық, публистикалық (памфлет
(ағым) – қоғамдық-саяси тақырыпта пікірталас туғызатын көлемі
шағын шығарма, очерк, мақала және т.б.), газеттік. Өз кезегінде
бұлардың әрқайсысы да стильдік ерекшеліктеріне қарай іштей
жанрларға бөлінеді. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол
жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі де
айқындалады. Мысалы: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк,
памфлет, халықаралық шолу, радио-теледидардан берілетін ха-
барлар.

    Публицистика көпшіліктің қатынас құралы ретінде басқа
да бөліктерге бөлінеді. Мысалы: радиопублицистика, кинопу-
блицистика, телепублицистика. Бұлардың әрқайсысының ортақ
белгілерімен қатар, дербес стилистикалық ерекшеліктері де бо-
лады. Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша формалар-
да баяндалады. Ауызша формасына шешендік сөздің қоғамдық-
саяси бағыттағы үлгілерін жатқызамыз. Шешендік сөздерді
арнайы публицистикалық өріс ретінде қарастырады. Ол жазба-
ша публицистика мен ауызша публицистиканың күрделі бірлігін
көрсететін ерекше публицистикалық жанр болып есептеледі.
Шешендік сөздердің функционалдық-стильдік қыры әр алуан,
академиялық шешендік – ғылыми стильге, сот шешендігі – рес-

           100

⇐ МАЗМҰНЫ
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105