Page 98 - index
P. 98

қазақ тіл білімінен де кездестіреміз: «Көркем шығарма мәтіні
бірнеше субъективтік тұлғалардың күрделі, өзара әрекетшіл
қарым-қатынастарынан тұрады: автор, арнайы әңгімелеуші және
кейіпкер» [43, 42].

    Автордың әрекет ету аймағы қатаң әдеби тіл нормаларына
негізделген баяндауды жасайды. Кейіпкердің әрекет ету аймағына
диалог жатады. Онда әдеби емес: қарапайым, ауызекі сөйлеуге
тән элементтер де қатар қолданыла береді. Ал арнайы әңгімелеу-
шінің әрекет ету аймағы осы шектің (автор және кейіпкер)
аралығын алып жатады да, ол бірде авторға, бірде кейіпкерге
жақындайды, кейде тіпті екеуінің әредік немесе мүлде қосылып
кетуі мүмкін. Осылардың қарым-қатынастарында қайсысының
басым болуына қарай негізгі екі композициялық-стилистикалық
баяндау типі ажыратылады: 1) автор атынан жүргізілетін ба-
яндау типі; 2) басқа біреудің (кейіпкер не әңгімелеуші) аты-
нан жүргізілетін баяндау типі [43, 42]. Осыған сәйкес көркем
шығармадағы баяндауды субъективтендірудің әртүрлі деңгейі
анықталады.

    Алғашқы баяндау типіндегі субъективтік орталардың өзара
қарым-қатынасы екіншісіне қарағанда әлдеқайда күрделі және
көп қырлы болады. Өйткені ондағы баяндау әдеби тіл үлгісімен
жасалатындықтан, әдеби нормадан кез келген ауытқу ерекше
әсерлі, айшықты болуы тиіс. Мұнда жазушы ауызекі сөйлеу тілін
ғана емес, басқа да стильдің мүмкіндіктерін еркін пайдалана
алады. Баяндаушы бірде объективті, бірде субъективті бағытты
ұстайды, бірде суреттейді, бірде толғанысқа түседі, оқиғаларды
жалпы не тұтас тұрғыда алады, қозғалыста не тұрақты қалпында
бейнелейді. Қорыта айтқанда, автордың баяндалып жатқан
оқиғаға, әрекетке қарым-қатынасы өте жылжымалы, өзгермелі
болады.

    Баяндауды субъективтендірудің екінші түрі оны кейіпкердің
немесе әңгімелеушінің атынан жүргізумен байланысты. Онда
субъектінің көрінуі тікелей, анық немесе жабық, жасырын
түрлерде болады. Кейіпкердің анық көрінуі – «төл сөзде» (ди-
алог, монолог) жүзеге асады. Ол стилистикалық, тілдік және
графикалық белгілері жағынан ерекшеленіп тұрады.

           98

⇐ МАЗМҰНЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103