Page 99 - index
P. 99

Автор мен кейіпкер тілінің өзара әсерлесу формалары ортақ
төл сөзді тудырады. «Төл сөзден» басқа, кейіпкердің көрінуі
«ішкі сөз» және «ортақ төл сөз» формаларында жүзеге асады.
«Ішкі сөз» кейіпкерге тән ой, сезімді білдірсе, «ортақ төл сөз»
кейіпкер мен авторға ортақ ой, сезімдерді береді. Бірақ бұлар төл
сөз сияқты графикалық жағынан ерекшеленбейді, әрі үшінші
жақтан беріледі. Осы сипаттарына орай, «төл сөз» сияқты да-
раланып тұрмай, баяндаудың құрамында органикалық бір бүтін
құрап тұрады. Сөйтіп, баяндаудың кейіпкер (әңгімелеуші) тара-
пынан субъективтенуі төл сөз, ішкі сөз, ортақ төл сөз формалары
арқылы жүзеге асады [43, 43].

    Автор сөзінің рөлі мен сипаты, оның кейіпкерлер сөздерімен
өзара байланысы әр жазушыда, тіпті әр шығармада басқаша
болады. Автор сөзі автордың шын мәніндегі бағалауыштық
ұстанымын ашық көрсетпеуі де мүмкін. Бұл туралы Ф. Эн-
гельс: «автордың көзқарасы неғұрлым жасырын болған сайын,
өнер туындылары соғұрлым үздік болады», – деп жазған бола-
тын. Көркем шығармадағы көпдауыстылық өте күрделі жүйені
құрайды, оны түсініп алмай тұрып, шығарманы толық ғылыми
талдау туралы айту еш қисынсыз.

           2.5 Публицистикалық стиль

    2.5.1 Публицистикалық стильдің функционалдық си-
паттамасы мен қолданылу өрісі. Публицистикалық стиль –
сөйлеудің қоғамдық-саяси, мәдени, спорт және т.б. осы сияқты
әлеуметтік қатынастардың кең көлемін қамтитын функ­
ционалдық стильдердің бірі. Бұл стиль тыңдармандар мен оқыр­
мандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баян­
даудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы
мәнерлілігімен сипатталады. Публицистика – «қазіргі өзекті мә­
селелерді қамтитын қоғамдық-саяси әдебиет» [46, 157].

    Публицистика (латынша: publikus – көпшілік, әлеумет) қо­
ғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда
жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай
жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Тілдің бас­

           99

⇐ МАЗМҰНЫ
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104