Page 101 - index
P. 101

ми стильге, ал саяси шешендік – публицистикалық стильге жата-

ды. Публицистикалық стильдің ауызша формасының негізгілері
– қоғамдық-саяси баяндамалар, үгіт-насихатшылардың сөздері
және т.б.

    Публицистикалық стильге ақпараттық және әсер ету қызметі
тән. Ол әртүрлі және бәрін қамтитын ақпараттарды жеткізу үшін
қолданылады. Елдің ішкі өмірі мен шетелде болып жатқан негізгі
оқиғалар газет беттерінен кең де тұрақты көрініс тауып отырады.
Газет қоғамның қызығушылығын тудыратын кез келген фактілер
мен оқиғаларды жариялай береді. Мәтіндегі ақпараттық қызмет
оның әсер етушілік қызметінен еш ажыратылмайды. Әлеуметтік
маңызына қарай іріктеліп, орналастырылған ақпараттық мате-
риалдар (ең маңызды деген ақпараттар газеттің алғашқы жол-
дарында беріледі) оқырманның қоғамдық санасына белгілі бір
деңгейде өз әсерін тигізбей қоймайды.

    Публицистикалық стиль азаматтарға қазіргі заманның ең
маңызды мәселелері туралы ақпарат береді, еліміздегі және шет
елдердегі саясатта, идеологияда, ғылым мен техникада, эконо-
микада, өнерде, әдебиетте, заң шығару, т.б. салаларында болып
жатқан барлық оқиғаларға баға береді. Яғни, бұл стильдің бас­
ты қызметі – ақпараттық қызмет. Ақпарат азаматтарға ағарту,
құбылыстың шындық мәнін түсіндіру, олардың қоғамдық-
саяси танымын қалыптастыру мақсатында беріледі. Сондықтан
ақпараттық қызмет белгілі дәрежеде идеологияға тәуелді бола-
ды. Бұл тәуелділік, әсіресе, Кеңес Одағы тұсында аса қатал бол-
ды.

    Публицистикалық стиль саясат саласына қызмет етеді және
оның функционалдық міндеті – қоғамдық пікірлерге ықпал ету,
оны қалыптастыру. Публицистикалық стильдің тілдік құрылым­ ы
саяси және азаматтық идеялар мен ұстанымдарды, саяси наси-
хаттарды, саяси партиялар мен топтар арасындағы өткір сөз қа­
ғыстарын жеткізуге, өмірдегі ағымдық оқиғаларды жариялауға,
қоғамдық, саяси ұйымдардың, ресми мекемелердің қызметте­
рін, саясаткерлердің, журналистердің, мемлекет және мәдениет
қайраткерлерінің мәлімдемелерін бағалауға бағытталған.

    Публицистикалық стильдің негізгі қызметтерінің тағы бірі

– әсер ету қызметі. Тілдің бұл қоғамдық қызметі (әсер ету) жа-

           101

⇐ МАЗМҰНЫ
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106