Page 96 - index
P. 96

тілі негізінде жазылғанмен, одан тілдің жалпы заңдылықтарын
іздемеу керек, ол көркем шығарманың ішкі заңдылықтарына
бағынады.

    2. Көркем шығарманың эстетикалық құрылымы (көркем тілі)
шығарманың идеясына, жазушының көзқарасына, ұстанымына
қатыссыз болмайды. Көркем әдебиеттің идеялық мазмұны –
өзіне күрделі идеологиялық міндеттерді жүктей алатын жаңа
сападағы, «жоғары деңгейдегі» мағыналық құрылым [43, 38].

    Көркем шығарма тілінде көпдауыстылық анық көрінеді, бір
көркем мәтінде бірнеше дауыс үйлеседі: олар – бейнеленген
шындыққа қатысты түрлі көзқарастарды, бағалауларды, сипат-
таулар мен дүниетаным туралы түсініктерді қамтитын және
білдіретін автордың сөзі мен кейіпкерлердің сөздері. Бұл жал-
пы ережеге, жекелеген лирикалық жанрлар, әсіресе, өлеңдер
ғана бағынбайды. Көркем шығарманың көпдауыстылығы, оны
ғылыми, ресми-іскерлік, публицистикалық сияқты басқа функ­
ционалдық стильдерден айқын ерекшелендіріп тұрады.

    Ғылыми еңбектердің авторлары төл сөздерді басқа автор-­
ларға сілтеме жасағанда сөзбе-сөз жиі қолданады. Ғылыми
мәтіндегі пікір таластыруларда әртүрлі көзқарастар, түрлі пайым-
даулар мен бағалаулар айтылып қана қоймайды, сонымен қатар
олар бір-бірімен қайшыласып та жатады. Алайда, ғылыми стильге
тән жеке үрдістер мен нақтылықтарға және баяндау формасының
қатаңдығына (стандарттылығы) байланысты көзқарастар ара­
сындағы айырмашылықтар тілдік құрылымның ерекшеліктері
арқылы берілмейді, сондықтан ғылыми шығармаларда төл сөз
фрагменттерінің кездесетініне қарамастан, лингвистикалық
тұрғыдан көпдауыстылық болмайды. Дәйексөздерде кездесуі
мүмкін пікір айырмашылықтары мен авторлық жеке баяндау
формасы әдетте ешқандай қосымша, ерекше сипаттамалық
қызметтер атқармайды, сол себепті олардың стилистикалық мәні
маңызды емес.

    Публицистикалық стиль мен оның кейбір жанрларында
(мәселен, сұхбаттарда) төл сөз белгілі бір деңгейде дәл беріледі, ал
пікір таластыруға арналған мақалаларда сыни талқылау құралы
ретінде әртүрлі көзқарастар беріліп қана қоймайды, сонымен

           96

⇐ МАЗМҰНЫ
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101