Page 97 - index
P. 97

қатар оларды жеткізетін сөйлеу мәнерлері де қолданылады. Алай-
да, төл сөздердің берілуі әдетте публицистикалық шығармаларда
шағын тілдік бірліктер ретінде ғана қолданылады да, тұтас
мәтіннің шамалы бір бөлшегі ғана болып табылады, сондықтан
публицистикалық стильде көпдауыстылық туралы айтуға еш
негіз жоқ деп есептейміз.

    Ресми-іскерлік стильдің мәжіліс, жиналыс хаттамалары
сияқты жанрларын бір қарағанда көпдауысты деп атауға болатын
сияқты, бірақ сөйлеушілердің сөздері мұндай үлгідегі құжаттарда
жалпыланған, иесізденген сипатта беріледі де, барлық тілдік
бояулар, соның ішінде жеке сөйлеу мәнері де ресми-іскерлік
стильдің талаптарына байланысты қатаң формаға түседі.

    Шығарманың мазмұнын баяндаудағы ерекше маңызды,
ұйымдастырылған, жүйелі көпдауыстылық туралы тек көркем
шығармаларға қатысты ғана айтуға болады. Көркем шығарманың
көпдауыстылығы жазушының әлемді көркемдік модельде беру
шеберлігімен тікелей байланысты, автор мәтінді және ондағы
барлық қайшылықтар мен күрделілікті оқырманның әртүрлі
қырынан көруіне, сезінуіне, қабылдауына күш салуы тиіс.
Көркем шығармадағы әрбір дауыс кейіпкердің ішкі әлемін, оның
жеке және әлеуметтік белгілерін дәл бейнелеуі арқылы сипатта-
лады.

    Көркем шығармадағы көпдауыстылықтың маңызды ерек­
шелігі – ол адамдардың сөйлеуіндегі нақты ерекшеліктерді
тікелей көрсетпей, оны әлемнің көркемдік моделіндегі бейнесі
арқылы жеткізуі. Шығармада автор сөзінен бөлек болғаны­
на қарамастан, кейіпкерлер сөздерін (кейіпкерлердің өздерін
де) автор жасайды, сондықтан кейіпкер сөзі де, автор сөзі де
автордың «өнімі» болып табылады. Сондықтан кейіпкер сөзінде
кейіпкермен бірге өзінің идеялық-көркемдік міндеттерімен
белгілі бір шамада автордың өзі де көрінеді.

    Көркем шығармаларда бірнеше «сөйлеуші тұлғалар» болуы
мүмкін. Бұл, ең әуелі, автордың өзі, сосын – кейіпкер, дәлірек
айтқанда, өз көзқарастары бар әртүрлі кейіпкерлер; тіпті автор
енгізген, баяндау соның атынан жүргізілетін әңгімелеуші де
«сөйлеуші тұлға» болуы мүмкін [18, 140]. Мұндай жіктеуді біз

           97

⇐ МАЗМҰНЫ
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102