Page 105 - index
P. 105

авторлық «мен» – стильдеу құралы немесе авторлық перде
емес, ол – берілген ақпараттарға қатысты өз көзқарасын ашық
та тіке білдіре алатын нағыз авторлық «мен». Оған сипатталған
оқиғаның құжаттылығы, оқиғаға автордың өзінің куә болуы не-
месе тікелей қатысуы да өз әсерін тигізеді. Т. Мұсұлманқұлдың
«Балконға кім бақылау жасайды?» деген мақаласын оқып көрелік:
«Жайшылықта өзіміз балкон дейтін, біреулер қылтима деп кет-
кен самалдыққа қосымша құрылыс жүргізіп жатқандардың
қарасы басым. Иә, интернет иіндерінде ме, әлде теледидарда ма,
кезінде осы құрғұр балконыңызды тәржімалауда ғалымдардың
бірі самалдық деген сөзді ұсынған болатын. Расында да, самал-
дап тұратын осы бір қуықтай балконды самалдық деп атасақ,
несі айып?

    Балкон дедік, тендер дедік, енді тарқатып айтайық. Қыс
мезгілі жақындаған сайын қамданып, қымтануды мақсат ет-
кен пәтер иелері самалдықтарын кірпішпен қосымша қоршап,
ықтап жатыр. Иә, осылайша, өздеріне өздері тендер жариялап,
жеңіп алған пәтер иелерінің жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Әйткенмен...

    Жылжымайтын мүлік иесіне мұның бұрыс, мұның дұрыс
деп айту біздің қолдан келмес. Дегенмен, дәл осындай өзім
білермендіктің салдарынан, жүргізілген «құрылыстардың» ке­
сірінен кезінде солтүстік көршілерімізде жер сілкінген сәтте
көшеде жүрген өрімдей жастың үстіне жапырыла құлапты.
Төртінші қабаттан құлдилай құлаған кірпіш жаныңды қойсын ба,
нәтижесінде жас ғұмыр қыршынынан қиылды, шейіт болды. Рас,
тағдырдың жазуы болар дерсіз. Алайда, сол құрылысты жүргізер
алдында қауіпсіздік ережелері сақталған ба? Міне, бар гәп сонда.

    «Құдай-ау, кейде осыларды жау ала ма» деп те ойлайсың.
Ресейді қойыңызшы, мақұл, оларда бет қаритын ақ түтек, ақ бо-
ран бар. Ал, қысы жайлы келетін біздің өңірдің тұрғындарының
соншалықты қымтануына жол болсын... Бірақ, біз айтты екен
деп олар тіршіліктерінің тізгінін тартып жатқан жоқ. Кірпішпен
әдіптелген балконнан көз сүрінеді демей-ақ қоялық, бірақ
қай көшеге көз салсаңыз да осындай келеңсіздіктер көзге
ұрады.

           105

⇐ МАЗМҰНЫ
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110