Page 95 - index
P. 95

ты мен мәнін өзгертіп, бірде көне, бірде жаңа, бірде мейірімді,
бірде мысқылды, бірде салтанатты, бірде күлкілі болады»
[56, 3]. Тұтас шығарманың бейнелілігін жасауға, әрине, тілден
басқа да компоненттер: композиция, сюжеттің дамуы, т.б.
қатысады. Алайда солардың ішіндегі ең бастысы және бәрінің
көрініс алатын материалы – тіл болып табылады.

    Автор бейнесі термині өзара байланысты екі ұғымды
білдіреді: «во-первых, это субъект произведения, творец его
художественного мира, наделенный воплотившимися в произ-
ведении определенными идейно-художественными взглядами,
во-вторых, это словесно-речевая структура, являющаяся органи-
зующим центром художественного произведения» [18, 144-145].
Автор бейнесі – жазушының толық өзін емес, оның көзқарасы­
ның күрделі иірімдерін, әлеуметтік жағдайын, талғамын, мінезі
мен сыртқы ерекшеліктерін, отбасылық және басқа да қаты­
настарын қамтиды. Дегенмен, жазушының жеке тұлғасы белгілі
бір деңгейде автор бейнесінен көрініс табады.

    Көркем шығарманың мәтіні ондағы барлық элементтердің
органикалық байланысты болуы себепті, көпқырлы қасиетімен,
әртүрлі ендіктегі көптеген мағыналық қабаттасу, ұштасулармен
ерекшеленеді. Сондықтан бір сөз не бір құрылым бір мезгілде
әрі кейіпкердің (немесе бірнеше кейіпкердің), әрі оқырманның,
әрі автордың көзқарасын білдіре алады. Көркем шығарманың
тілі оқиға, құбылысты жалпылап беру арқылы біздің санамыз-
да ондағы қатысқан сөздердің санынан анағұрлым көп түсінік
туғызады. Көркем шығармадағы тілдің эстетикалық міндеті де
осында. Ғалым Б. Шалабай көркем шығармадағы автор бейнесі
туралы зерттеулердің негізінде мынадай екі басты тұжырым жа-
сайды:

    1. Көркем шығарма өз заңдылықтары бар өзіндік жеке
эстетикалық құрылымға (көркем тілге) ие. Ол құрылым –
тілдің құрылымымен бір емес, ерекше құрылым, алайда тілдік
құрылымның қасиеттеріне негізделеді. Р. Р. Гельгардтың сөзімен
айтқанда, «көркем шығарманың тілдік тексі – халық тілінің да­
йын материалы негізінде туындаған екінші қатардағы түзілім (на-
тура)» болып табылады. Көркем шығарма тілі жалпы халықтың

           95

⇐ МАЗМҰНЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100