Page 104 - index
P. 104

бұл стильдерде мүлдем басқаша формаларда беріледі. Мәтіннің
әсер ету қызметі көркем әдебиетте де, публицистикалық
шығармада да негізінен автор ұстанымын білдіру формасына сай
анықталады. Публицист-автордың ұстанымы әдетте тура, ашық
көрінсе, ал жазушы-автордың ұстанымы көркем шығарманың
құрылымдық композициясынан, сөйлеудің көпқырлы да күрделі
қатпарынан көрінеді.

    Әңгіме, повесть, роман сияқты т.б. көркем мәтіндерде ба-
яндау көбіне 3-жақтан айтылады да, 1-жақтан сөйлеу өте си-
рек кездеседі және ол белгілі бір стилистикалық мақсатпен
қолданылады. Алайда, көркем шығармалардағы 1-жақтан
баян­даушының «мені» автордың «менімен» толық сәйкес келе
бермейді немесе ол міндетті емес. Академик В.В.Виноградов
Салтыков-Щедриннің әңгімелерінде жиі кездесетін 1-жақтан
баяндаудың ерекше көркемдік «мен» екенін және оның кейде
авторға жақын болса, кейде одан алшақ болатынын көрсетеді.
Ғалым, тіпті бұл 1-жақтан баяндаудың Салтыков-Щедриннің
қызметтік, әлеуметтік-саяси және әдеби өмірбаянына қатысты
болғанның өзінде де, оның автордан идеялық тұрғыдан әлдеқайда
алшақ тұратынын көрсетеді [47, 143-144]. Ал тарихи романдар-
да баяндаушы мен әңгімелеушінің «мені» автордың «меніне»
сәйкес келуі тіпті мүмкін емес.

    Әдетте баяндау 3-жақтан жүргізілгенде, автордың ұстанымын
«жасыруға» мүмкіндік көп болады. Әңгімелерде, повестерде,
әсіресе, романдарда берілген «автор сөздері» шын мәніндегі
автордың идеялық көзқарасымен, дүниетанымымен үнемі
үндесе бермейді, өйткені автор онда өзіне белгілі бір деңгейдегі
кейіпкерлердің сөйлеу тәсілін таңдап алады. Алайда, көркем
шығармаларда да автор үнінің ашық та тура берілетінін жоққа
шығаруға болмайды.

    Публицистикалық мәтіндерде сөйлеу (баяндау) 1-жақтан
да, 3-жақтан да айтыла береді. Алайда мұндағы бұл баяндау
тәсілдерінің мәні мен қызметтері мүлдем бөлек.

    Публицистикада 1-жақтан сөйлеу көркем шығармаларға
қарағанда әлдеқайда жиі қолданылады. Репортаждар, очер-
ктер, мақалалар сияқты басқа да публицистикалық мәтіндердегі

           104

⇐ МАЗМҰНЫ
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109