Page 102 - index
P. 102

риялау, ақпарат беру қызметтерімен бірлесе жүргізіледі, өйткені
әсер ету мен ақпарат беру қызметтерінің өзара әрекеттесуі
қоғамдық пікірлерге тіл арқылы ықпал жасаумен тығыз байла-
нысты. Ал қоғамдық пікірге тіл арқылы ықпал жасау өмірдегі –
әлеуметтік, саяси, мәдени, ғылыми, рухани, экономикалық, т.б.
ағымдық өзекті оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттарды
сөзбен жеткізуге негізделеді. Публицистикада әсер ету қызметі
ерекше мәнге ие: егер ғылымда автор адресаттың ақылына
жүгініп, белгілі бір ережелерді логикалық негіздермен немесе
нақты есептермен дәлелдесе, публицист-автор оқырманға эмо-
ционалды әсер ету жолымен ой салады, сендіреді, сондықтан ол
хабарланатын оқиғаға өзінің қатынасын ашық білдіреді. Мұндай
қатынастың әрдайым жеке адамның көзқарасын ғана емес, соны-
мен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың, тіпті, партияның
көпшілікке арналған ұстанымын да білдіретінін естен шығармау
керек.

    Публицистикалық стильдің әсер етушілік қызметі мәтіннің
саясилығымен, оның идеологиялық бағытымен тығыз байла­
нысты. Хабарланған оқиғаларға жасалған талдаулар оған, соның
ішінде қоғамдық-саяси жағынан да түсініктемелер мен бағалау
жасайды. Әсер етушілік қызмет тілдік және тілдік емес жүйе­
лер арқылы жүзеге асырылады. Публицистикалық стильдегі
шығ­ арма болған оқиға ретінде газетте хабарды да (ақпараттық
қызмет), оқырманның, тыңдарман мен көрерменнің саяси сана-
сына ықпал ететін құралдармен жеткізілген осы фактілер тура-
лы көзқарастарды (әсер етушілік қызметі) да қамтиды. Газеттегі,
жалпы публицистикадағы ақпараттар басқа стильдерде берілген
ақпараттардан үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық сипа-
тымен де ерекшеленеді.

    Публицистикалық мәтін өзінің тілдік құрылымында өзекті,
маңызды ақпараттарды және оларды түсіндіруді қамтиды. Ол
түсіндірулер жоғары мәнерлі, эмоционалды-экспрессивтік бояу­
мен көмкеріліп, оқырманның қызығушылығын туғызатындай
болуы тиіс. Журналист-автор өмірдегі адамдар, фактілер,
оқиғалар, саяси күштер туралы хабарлайды. Хабарлай отырып,
оқырманға (көрермен, тыңдарманға) және оның өмірлік таны-

           102

⇐ МАЗМҰНЫ
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107