Page 103 - index
P. 103

мына, санасына, көңіл-күйіне, оның публицистикалық мәтіннің
мәнін қабылдауына барынша да тиімді әсер ету үшін осылардың
бәрін тікелей идеялық, саяси жағынан түсіндіреді, эмоционалды-
экспрессивтік бағасын береді.

    Публицистикалық мәтіннің бұл ерекшеліктері, ең әуелі, оның
тілдік құрылымынан көрінеді. Мұндай мәтіндер үшін төмендегі
тілдік құралдардың өзара әрекеттестігі, сіңісуі немесе кезектесіп
алмасуы тән:

    – өзекті оқиғаға қатысқан мекемелердің, тұлғалардың, ұйым­
дардың ресми, дәл атауларына, ондай оқиғаларды объек­тивті
сипаттауға, оларды орынды, объективті бағалауға негізделеді;

    – баяндалған оқиғалардың, жағдаяттардың экспрессивті боя-
лып, ашық бағалануы;

    – тілдің мәнерлегіштік құралдары.
    Орыс лингвисі О. А. Крылова газеттік публицистиканың ақ­
параттық-мазмұндық қызметінің төмендегідей ерекшеліктерін
көрсетеді: ...во-первых, информация в этой сфере общественной
деятельности адресуется не узкому кругу специалистов, как, на-
пример, в сфере науки, а широком массам, всем носителям язы-
ка; во-вторых, здесь необходима быстрота передачи информации,
что не являлось необходимым, например, в официально-деловом
стиле: публицистика, и особенно газетная публицистика, всегда
посвящена «злобе дня» [13, 110].
    Ақпараттық қызмет басқа стильдерге, мәселен көркем
әдебиетке де тән, алайда ондағы ақпараттың сипаты басқаша. Пу-
блицистика мен көркем шығарма болмысты әртүрлі бейнелейді
және баяндайды. Көркем шығармада ол тікелей, ашық көрінбейді,
керісінше жазушы оны өзінің шығармашылық фантазиясынан
өткізіп барып, көркемдік-бейнелік формада береді. Ал публици-
стика өмірді ашық және тікелей бейнелейді, оның ақпараттары
фактілер мен құжаттарға негізделеді. Бұл публицистикалық
шығармаларға тек типтік формалар мен талдаулар ғана тән деген
ұғымды тудырмауы тиіс. Публицистикада бейнелілік көркемдік
фактілерді хабарлаудан емес, оларды түсіндіру мен баяндау фор-
маларынан көрінеді.

    Әсер ету қызметі публицистика мен көркем әдебиетті өзара

жақындастырумен қатар, оларды ерекшелендіреді де. Өйткені, ол

           103

⇐ МАЗМҰНЫ
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108