Page 106 - index
P. 106

Жалпы өзінің жеке басын ойлаған тұрғындардың осы тірлігі
заңды ма? Оларға қосымша құрылыс жүргізуге кім рұқсат берді?
Осы туралы облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рахманқұл Байте-
лиев былай дейді:

    – Негізгі тұрғын үйдің құрылыс жүргізілген кезде белгілен-
ген, келісілген архитектуралық пасаттары болады. Ол үй
қасбетінің көркемдігі, әдемілігі сақталуы керек. Оны бұзуға бо-
лады ма? Әрине, болмайды деп ойлаймын.

    Расында да, қаламыздағы көп қабатты үйлердің салынуы
барысында оның жобалық құжаттарында бекітілген схема-
сы болады. Онда тұрғын үйдің салыну жобасы бекітіледі. Ал,
ол шеңберден жеке бастың мүддесі үшін асып кету – расын-
да да заңсыздық секілді. Бір қарағанда бұл мәселеге облыстық
сәулет құрылысын бақылау басқармасы қадаға жүргізуге тиісті
сияқты. Алайда, тоқтаусыз жүргізіліп жатқан тірліктерге қарап,
тұрғындардың еркінсуіне қарап, аталмыш басқарма өз функция-
ларын дұрыс орындамай отыр ма деп те ой түйетініңіз анық.

    Құдай сақтасын, әлдебір апат болып, адам шығыны орын
алып жүрмесін дейміз. Әйтпесе, сол құрылысты жүргізіп жүр­
гендер тиісті нормаларын сақтап, кірпішті өлшеп қалап жүр
дейсіз бе? Бұған жауапты мекемелер, сәулет құрылысын бақылау
басқармасы не дер екен?» (Арай, 4.10.2012).

    Автор бұл мақалада, өз пайымдаулары мен тұжырымдарын
нақты фактілерге, тиісті маманның пікіріне сүйене отырып жа-
сайды. Сөйте тұра, ол өз эмоциясын (несі айып? бар гәп сон-
да, сақталған ба? не дер екен? деп те ойлайсың), наразылығын
(дегенмен, әйткенмен, заңды ма? кім рұқсат берді? демей-
ақ қоялық), дүдамалдылығын (бір қарағанда, отыр ма деп те
ой түйетініңіз, заңсыздық секілді, тиісті сияқты) да ашық
білдірген.

    Материалдарды 3-жақтан баяндау да сол оқиғаға өзі куә
болған немесе оған қатысқан автордың баяндауы болып табы-
лады. Сөзіміз дәлелді болу үшін, төмендегі үзіндіге көңіл бөліп
көрелік: «...Сонымен, ең кем дегенде 420 миллион франкты
құрап отырған өз капиталын Храпунов қалай жасап үлгерген?

           106

⇐ МАЗМҰНЫ
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111