Page 107 - index
P. 107

Оның баюының басы атақты тоқсаныншы жылдарға тұспа-тұс
келгендігі белгілі. Бүкіл ТМД бойынша бандиттер, рэкеттер,
алаяқтар мен алдаушылар сол жылдардың басты кейіпкерлері бо-
латын. Қазақстанның ең ірі де бай қаласы Алматы қылмыскерлер
үшін нағыз құтты қоныс болды. Міне, сол кезде қала басшылы­
ғы, соның ішінде әкімнің орынбасары Храпунов өзіне мүдделес
және бақылауында болған коммерциялық және қылмыстық құ­
рылымдарға арқа сүйей отырып, зауыттар мен базарларды, бала-
лар бақшалары мен мектептерді жекешелендіруге белсенді түрде
кірісті.

    Міне, сол кезде жергілікті атқару органдарын қылмыс әле­
мінен ұластыру жөнінде күрес басталды. В. Храпунов жеке­
шелендіру жөніндегі өз тәсілдерінен бас тарта бастады. Бұл
жағд­ ай оның саяси қайраткерлер қатарында қалуына мүмкіндік
берді. Әрине, оның басқарудың неғұрлым сыбайлас жемқорлыққа
негізделген шенеунік ретіндегі ұстанымы өте әлсіз болатын.
Сондықтан ол өзіндік эксперимент жасап көруге бел байлады.
Храпунов жариялы түрде ислам дінін қабылдады. Өз сөздерінде
қазақ тіліндегі сөздерді араластырып сөйлеуге көшті. Сонымен
бірге, сол кездегі төменгі қызметтегі, бірақ болашағы зор деп
танылған шенеуніктердің бірі Л. Бекетоваға үйленді.

    1995 жылы Храпунов өз капиталын Қажыгелдин үкіме­
тіндегі энергетика министрі қызметіне конверттеді. Үкімет­
тің бұл құрамының үлесіне Қазақстан жаңа тарихының «ең
бір қызықты» сәті – мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
үдерісі тап келген еді. Қажыгелдиннің тұсында бұрынғы кеңес
индустриясының барлық алыптары – болат, қорғасын, хром, ал-
люминий шығаратын металлургиялық зауыттар, мұнай және
газ кен орындары, химия өнеркәсібінің кәсіпорындары және басқа
да көптеген өндіріс түрлері сатылды. Сол кездегі жемқорлық
қылмыстарына байланысты қазіргі күні халықаралық
іздестіруде жүрген Қажыгелдиннің өзі де Храпуновтың энер-
гетика жөніндегі күмәнді бастамашылдығына қолдау білдірген
болатын...» («ЕҚ», 14.11.2012). Бұл баяндау ІІІ жақтан жүргізілсе
де, автордың Храпуновқа деген жеке көзқарасы (сынау, айыптау,
наразылық) айқын аңғарылып тұр.

           107

⇐ МАЗМҰНЫ
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112