Page 108 - index
P. 108

Публицистикалық шығармаларда тек автор сөзі ғана қол­
данылады. Егер онда төл сөздер қолданылатын болса (интервью-
де, репортаждарда және т.б.), онда ол автор сөзімен араласты-
рылмай жеке беріледі. Публицистикалық шығармаларда төлеу
сөздер сирек болса да кездеседі. Мысалы: «...Кәсіпорынның
өндіріс қуаты айына бір миллион өнімді құрайды. Кәдімгі
спирт өнімдері шөлмектерінің тығынын, қақпағын дайындай-
тын кәсіпорын бүгінде Қытай, Ресей сияқты елдерге өнімдерін
экспорттап отыр. Мұндағы техника негізінен Италиядан сатып
алыныпты. Техника тілі мейлінше автоматтандырылған болса
да, бүгінде бұл кәсіпорын 32 адамды жұмыспен қамтып отыр.
ЖШС жетекшісі болашақта өнім көлемін арттыра түсу үшін әлі
де білікті мамандардың жетіспей отырғанын да сөз арасында
айтып өтті. Бірақ соңғы кездегі техникалық мамандықтарға де-
ген жастардың зор ынтасы бұл мәселені де ұзатпай шешер деген
үміттеміз» немесе:

     «Индустриялық аймақта танысқан төртінші нысан сұйық
шыны шығаратын «Ferrum-Vtor» зауыты болды. Мұнда жоба
бойынша жылына 3 мың силикат үйіндісі және 6 мың тонна
сұйық шыны шығарылады екен. Өнімдер металлургия, химия
өнеркәсібі мен құрылыс, энергетика салаларында қолданылады.
Бүгіннің өзінде дайын өнімдер республика аймағымен қоса, Ре-
сей Федерациясы және Түркіменстан рыноктарына шығарылуда.
Кәдімгі өзіміздің Аралдың ақ құмынан өндірілетін сұйық шыны
осылайша өзімізде ғана емес, шетелдерде де үлкен сұранысқа ие
болып отыр. Мұнда өндірілетін сұйық шыны кір жуу ұнтағына
да пайдаланылады. Ол ақ құмды кальцийленген ақ ұнтақпен
балқытудан түзілген силикат натрийден алынады. Жобада көр­
сетілген қуаттылықты орындау үшін мұндағы цехты қайта
жарақтап, Ресейден балқыту пешін алдырмақшымыз, дейді
бізді жұмыстың барысын тәптіштеп түсіндірген осы зауыттың
бас технологы Қадырбек Әбдікәрімов. Оның айтуынша, қазір
кәсіпорында 50 адам еңбек етеді» («ЕҚ», 01.11.2012). Бұл мәтіндер
тұтастай сұхбат берушінің сөзінің желісінде баяндалған.

    Осылайша публицистикада экстралингвистикалық та, линг­
вистикалық та факторлар автор ұстанымын ашық та тура

           108

⇐ МАЗМҰНЫ
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113