Page 109 - index
P. 109

жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, автор немесе ол өкілі бо-
лып табылатын баспа органы белгілі бір себептерге байланысты
бұл мүмкіндіктерді пайдаланбауы да мүмкін, дегенмен мұндай
мүмкіндіктер тек публицистикалық стильге ғана тән екені анық.
Сондықтан да, әсер ету қызметі публицистикалық стильде ашық
көрінетін, насихаттаушылық сипатта болады.

    Публицистикалық стиль әсер етудің көптеген құралдарын
қалыптастырды, олардың басым бөлігі тек ақылға ғана емес,
оқырмандардың сезімдеріне де әсер етуге бағытталған. Бұл
оны көркем шығармалардың мәнерлеу құралдарымен жақын­
дастырады, алайда көркем әдебиет стилі өзінің идеологиялық
бағытында әлдеқайда ашық сипатта болады.

    Публицистикалық стильдің дамуы – қоғамдық-саяси жағ­
дайлармен, әлеуметтік-тарихи өзгерістермен, экономикалық
өсумен тығыз байланысты жаңа жанрлардың қалыптасуына әсер
етеді. Қазақ тілінің публицистикалық стилі өз бастауын ХІХ
ғасырдың ІІ жартысынан алады. Оның пайда болуы ең алды-
мен мерзімді баспасөздің тууымен тікелей байланысты. Қазақ
баспасөзінің алғашқы қарлығыштары саналатын «Түркістан
уалаятының газеті» (1970-1883 ж.), «Дала уалаятының газеті»
(1888-1902 ж.), «Торғай газеті» газеттері Патша үкіметінің
жергілікті әкімшіліктерінің органы болғанымен, халықтың
саяси-әлеуметтік жайы, оқу-ағарту мәселелері, қазақтың ұлттық
мәдениеті, тарихы, әдебиеті мен тілі, тұрмыс-салты, т.б. туралы
публицистикалық сипаттағы материалдарға бірқатар орын бер-
ген.

    Абайдың «Қара сөздерінің» де қазақ публицистикасын қа­
лыптастырудағы рөлі ерекше. Ақын өзінің 3, 8, 22, 93, 41,
42-сөздерінде көпшілік қауымға арнаған ойларын публицис­
тикалық стильде ұсынады.

    Мерзімді баспасөз беттерінде туған қазақ тілінің пуб­
лицистикалық стилін онда жарияланған саяси-әлеуметтік,
мәдени, экономикалық мәселелерге байланысты материалдар
танытады. Олар қазақ бұқарасының саяси-шаруашылық халі,
аянышты тұрмысы, оқу-білім мен техника-шаруашылық түрлері
жағынан артта қалуы, халық арасындағы оқу-ағарту жұмыстары,

           109

⇐ МАЗМҰНЫ
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114