Page 110 - index
P. 110

кейбір әдет-ғұрыптардың ескіргендігі, егін егу, саудаға арала-
су сияқты әрекеттердің қоғам дамуы үшін пайдалы екендігі
төңірегінде болды. Бұл материалдарды оқырман қауымға тү­
сінікті, жатық тілмен ұсыну көзделді. Сондықтан лексика-фра­
зеологиялық құрамы жағынан да, грамматикалық құрылысы
жағынан да бұл стильдің негізі қазақтың өз тілі болды.

    Публицистикалық стильдің пайда болуы қазақтың ұлттық
жазба әдеби тілінің әрі қарай дамуына ерекше ықпал етіп, әдеби
тілдің қоғамдағы қызмет ету аясын одан әрі кеңітті. Осы тұстағы
қазақ жазба әдеби тілінің функционалды стильдері бір-біріне
ықпал етіп, өзара бірлікте дамыды. Қазақ публицистикасының
қалыптасып дамуына қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Шәкәрім,
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Сәкен және т.б.
қоғам қайраткерлері орасан зор еңбек сіңірсе, кейінгі толқын
ағалар Б. Бұлқышев, С. Ерубаев, О. Бөкеев, С. Әшімбаев,
Ә. Кекілбаев, А. Сүлейменов, Ш. Мұртаза, т.б. ақын-жазушы­лар
мен журналистер қазақ публицистикасын одан әрі дамытты.

    2.5.2 Публицистикалық стильдің жанрлары. Баспасөз
жанрлары туралы сөз болғанда, ең алдымен, жанр дегеніміз
не, оның міндеті қандай деген сұрақтарды анықтап алу керек.
Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының,
радио, телевизия хабарының көріну, өмір сүру формасы [48, 24].
О. С. Ахманова жанрды «жағдайдың нақтылы шарттарына бай-
ланысты жұмсауды мақсат еткен қолданыс тілінің түрі» деп
көрсетеді [49, 148]. Жанрды таңдау нақты бір стильдегі немесе
оның шағын түріндегі сөйлеу субъектісі арқылы іске асырыла-
ды. Мәтінде қамтылатын мазмұн сол сөйлеу субъектісі арқылы
таңдалатын жанр түрінің заңдары бойынша сұрыпталады. Сол
себептен де әрбір функционалдық стильде жазылған мәтін
белгілі бір жанрлық түрлердің қалыптасу, я болмаса қолданылу
дәстүрінің тарихын көрсетеді, сонымен бірге адам қызметінің
сол саладағы жағдаяттарға байланысты тілдік тұлғалардың
жұмсалу, бекітілу сапасын анықтайды. Осы тұрғыдан келген-
де, әрбір жанрлық түрге белгілі бір нақты құрылым, алдын
ала айқындалып қойған өзіндік қасиеттер тән болып келеді
[50, 14].

           110

⇐ МАЗМҰНЫ
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115