Page 111 - index
P. 111

Стилистика ғылымында жанр ұғымымен қатар, мағыналас
қолданылатын терминдердің бірі – подстиль. «Подстиль» жай-
лы пікірлер де әрқилы. Көптеген зерттеушілер газет стилін
журналистік әрекет сферасына қызмет ететін тіл қабаты деп
есептеп, оны «газеттік-публицистикалық подстиль» (газет-
но-публицистический подстиль) деп атап, публицистикалық
стильдің құрамына кіргізеді. Ал, академик М. Серғалиев «под-
стиль» терминін «шағын стиль» деп аударуды ұсынған. Тілші-
ғалым «функционалдық стильдердің қай-қайсысы да белгілі
заңдылықтардың нәтижесінде пайда болатынын» айта келіп,
олардың «шағын стильдерге» жіктелетініне тоқталады. «Шағын
стиль әр стильдің құрамында және белгілі бір мәтінге ғана бай-
ланысты болады» және шағын стильді «белгілі бір мәтіндердің
жиынтығы», ал «сол мәтіннің әрқайсысын шағын стильдің
құрамына енетін жанр деп атаған жөн», – деген тұжырым жа-
сайды [51, 55]. Ғалымның бұл тұжырымы өте қисынды, өйткені
газет материалының шағын жанрдың қай түріне жататыны тек
сол стильде жазылған мәтіннің көлемі мен композициялық
құрылымына қарап қана ажыратылады.

    Проф. М.Серғалиев публицистикалық стильдерді мағыналық
жағынан үш шағын топқа бөледі:

    а) үгіттік публицистикалық шағын стиль;
    ә) саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль;
    б) саяси бұқаралық публицистикалық шағын стильдер.
    Осы топтаудың негізінде үгіттік шағын стилге – корреспон-
денция, репортаж жарнама, хабарландыру; саяси-идеологиялық
шағын стилге – ақпараттық мақала, аналитикалық мақала,
комм­ ентарий; саяси бұқаралық шағын стилге – интервью, фе-
льетон, памфлет, очерк жанрларын жатқызады [51,125-128].
Бұның барлығы публицистикалық стильдің құрамдас бөлігі бол­
ғандықтан, оларға «шағын жанр» деген атаудың берілуі әбден
орынды. Негізгі мәселе шағын жанр материалдарының тақырып
ауқымының үлкен, ал көлемінің шағын болатынында.
    Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты газет жанрлары-
ның қызметі мен дамуында да белгілі бір өзгерістер бар. Мұндай
өзгерістер қоғамдық өмірдегі жаңалықтарға байланысты. Қазіргі

           111

⇐ МАЗМҰНЫ
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116