Page 112 - index
P. 112

нарықтық экономика кезінде газетке материал дайындап, басып,
оқырманға жеткізгенге дейінгі атқаратын қызметтің барлығы
қаржы мәселесіне тікелей байланысты. Сондықтан газет ұжымы
экономикалық жағдайларға байланысты газет беттерінен «жар-
нама», «құттықтау», «еске алу», «пресс-релиз немесе баспасөз
хабарламасы», «түйіндеме», «дайджест немесе ақпараттық
шолу», «жұлдызжорамал», «сауалнама», т.б. жаңа жанрларға
орын беруге мүдделі болып отыр.

    Баспасөзде пайдаланылатын жанрларды проф. Т. Қожакеев
негізінен үш топқа бөледі: Бірінші топ – хабарлама (инфор­
мациялық) жанрлар. Бұған жататындар – заметка, есеп (от-
чет), сұхбат (интервью) және репортаж. Екінші топ – талдама-
лы (аналитикалық) жанрлар. Бұл топ корреспонденция, мақала,
баспасөзге шолу, рецензиядан тұрады. Үшінші топ – көркем
публицистикалық жанрлар. Мұның құрамына фельетон, пам-
флет, очерк, көркем публицистика енеді [48, 30-34]. Зерттеуші-
ғалым Б.Момынова газеттің негізгі жанрлары ретінде хабар
(информация), шетелдік корреспонденция, есеп, үгіт-насихат
мақалалары, проблемалық мақала, очерк, сұхбат (интервью), ре-
портаж, фельетон, пікірді (рецензия) атайды [52, 52].

    Публицистикалық стильді жанрлық сипатына қарай төмен­
дегідей топтастыру да кездеседі: саяси сипаттағы жиналыстар-
дағы сөйлеу, бас мақала, саяси-теориялық мақалалар, идео­
логиялық кеңестер, халықаралық шолулар, репортаждар, корре-
спонденциялар, фелетьондар, моральдық-этикалық мақалалар,
очерктер (очерктің өзін бірнеше жанрға бөлуге болады: пуб­
лицистикалық очерктер, көркем очерктер, ғылыми очерктер),
спорттық шолулар және т.б. Алайда, газет жанрларының осын-
дай әртүрлілігіне қарамастан, газет тілінің функционалды
тұтастығы туралы да айта аламыз. Газеттік-публицистикалық
шағын жанрдың функционалдық ерекшелігін оның өзіндік
лингвистикалық белгілері құрайды.

    Публицистикалық стиль газет беттерінде барынша ашық
және толық, өзіне тән барлық жанрларымен көріне алады.
Өйткені, мемлекеттің бүкіл ішкі-сыртқы саясаты, Елбасының
жарлықтары, Үкімет Үйінің барлық қаулылары мен үндеулері,

           112

⇐ МАЗМҰНЫ
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117