Page 113 - index
P. 113

саяси-әлеуметтік баяндамалар, идеологиялық бастамалар
және т.б. газет беттерінен көрініс табады. Сондықтан да «га-
зет тілі» мен «публицистикалық стиль» ұғымдарын ұқсас не-
месе жақын құбылыс ретінде қарастырады. Дегенмен, газет
беттерінде басылғандардың барлығы дерлік публицистикалық
стильге жата бермейді. Мәселен, өлеңдер мен көркем әңгімелер
қайда басылғанына қарамастан көркем әдебиет стиліне
жатқызылса, жарлықтар мен қаулылар тек ресми-іскерлік стиль-
ге жатқызылады. Ал газеттік ретінде төмендегі жанрларды
атауға болады: бас мақала, корреспонденциялар, репортаждар,
ақпараттар, фельетондар, халықаралық және спорттық шолулар,
т.б. [18, 101].

    Орыстың белгілі стилист-ғалымы М. Н. Кожина публиц­ ис­
тикалық стильдің төмендегідей түрлерін көрсетеді: газеттік-
публицистикалық (газет тілі), үгіт-насихаттық (үндеулер,
лист­ овкалар, ұрандар, прокламациялар және т.б.), ресми саяси-
идеологиялық (партиялық қаулылар және т.б.), бұқаралық-
саяси (саяси сипаттағы мәжілістерде сөйлеу), бұл ресми және
ісқағаздары стиліне жақын [27, 53]. Алайда, ғылымда бұл
көрсетілген шағын стильдердің ара жігі ажыратылып, ашық ше-
карасы қойылмаған. Бұлардың ішінде ерекше орын алатыны –
газеттік-публицистикалық шағын стиль.

    Ф. Жақсыбаева газеттік-публицистикалық шағын стильдің
жанрларын екі топқа жіктейді: таза газеттік жанр – ақпараттық
жанр және әсер ету функциясын атқаратын – аналитикалық
жанрлар [53, 14].

    Мәнерлегіш, эмоционалды әсер етуші сөйлеу құралдары
мен нақ осы газеттік-публицистикалық шағын стильде кең
қолданылатын стандарттардың өзара тығыз әрекеттесімі мен
өзара сіңісуі бұл шағын стильдің маңызды лингвистикалық белгісі
болып табылады. Мәнерлегіш құралдарды кеңінен қолдану, ең
әуелі, бұл шағын стильдің үгіт-насихатшылық қызметімен бай-
ланысты. Газеттік публицистиканың мәнерлегіштігі көркем
шығармалардың мәнерлігіштігінен ерекшеленеді. Газет тіліне
тән – сан алуан, көпшілік оқырманға бағытталу, тақырыптың
өлшеусіз кеңдігі мен әртүрлілігі, газеттің мерзімділігі мен

           113

⇐ МАЗМҰНЫ
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118