Page 114 - index
P. 114

біркүнділігі, оның идеологиялық ұстанымының ашықтығы –
газеттің осы сияқты ерекшеліктері шапшаң қабылданатын мә-­
нерлегіш құралдарды қолдануды талап етеді. Ал газеттің
ақпараттық қызметі тілдік құралдарды стантарттауға тыры-
сады. Кезінде Ш. Баллидің өзі стандарттар мен штамптардың
газет тілінің негізі екенін көрсетіп кеткен болатын: «Газет тілі
штамптарға толып кеткен және оның басқаша болуы мүмкін
де емес, өйткені мезі болған сөйлемшелерді қолданбай тез
және дұрыс жазу қиын» [54, 109]. Тілдік стандарттар авторға
ақпараттарды газет тілінде лезде және түсінікті жеткізуге, ал
оқырмандарға оны тез қабылдауға көмектеседі.

    Мәнерлегіштік және стандарттық құралдардың өзара ұш­
тасуының нәтижесінде ғана газет тілі өзінің басты, яғни
ақпараттың сенімділігін арттыру қызметін орындай алады.
Стандарттық және мәнерлегіш құралдардың арақатынасы көп
қырлы және жылжымалы. Белгілі бір сөйлеу жағдаятына байланы-
сты пайда болған кейбір мәнерлегіштік құралдар басқа жағдаятта
бірнеше рет қолданылып, кейде өзінің мәнерлегіштік қасиетін
жояды. Мәселен, газет беттерінде 60 жылдары ақ алтын, қара ал-
тын сөздері көтеріңкі экспрессивтік-поэтикалық мәнге ие болса,
кейін бұл сөздер газет беттерінде жиі де тұрақты қайталануына
байланысты өзінің стилистикалық бояуын жоғалтып, мақта
мен көмір (немесе мұнай) сөздерінің тек баламасы ретінде ғана
қолданылатын болды. Мәнерлегіш құралдар үнемі жаңартып
тұруды қажет етеді. Алайда, мәнерлегіш құралдардың құрамы
тоқтаусыз өзгеріп тұрғанмен, газет тілінің негізгі конструктивті
принциптері өзгеріссіз қалады. Бұл принципті В.Г.Костомаров:
«...газет тілі экспрессия мен стандарттарға бірдей бағытталған
әрекеттерден құралады»,– деп айқын көрсеткен [55, 57]. Бұл
қарама-қайшы үрдістер газет тілінде кездесіп қана қоймайды,
олар өзара бірлікте болады: «газет тілі – қарама-қайшыл­ ық
принципіне негізделген, қарама-қарсы тілдік үрдістер мен құ­
ралдардың бірлігі... Газет тілі ерекше прагматика-эстетикалық
жүйе ретінде осы екі үрдіске, олардың диалектикалық бірлігіне

негізделеді» [55, 88-89].

    Газеттік-публицистикалық шағын стильдің негізгі конструк­

тивті принциптерінің компоненттерін жеке-жеке қараст­ ырайық.

           114

⇐ МАЗМҰНЫ
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119