Page 115 - index
P. 115

Стандартты құралдар деп, әдетте, белгілі бір сөйлеу жағ­
даятында жиі немесе белгілі бір функционалды стильде кең
қолданылатын тілдік құралдарды айтамыз. Ғылыми стиль-
де, әсіресе, ресми және ісқағаздар стилінде көптеген стан-
дарттар қолданылады. Сондай-ақ, газеттік-публицистикалық
шағын стильдің де өзіне тән стандарттары бар: саяси болжам,
жағдайдың шиеленісуі, экономикалық дағдарыс, саяси көзқарас,
партиялық ұстаным, т.б.

    Алайда, газеттік-публицистикалық шағын стильдің конс­
труктивті белгілерін қарастырғанда, стандарт терминін кең
мағынада түсіну керек. Стандарт деп газетке тән өзіндік
құралдармен қатар, стилистикалық және эмоционалдық бейта­
рап­тықты білдіретін барлық тілдік құралдарды да айтуға бола-
ды. Ақпараттық және интеллектуалдық стандарттық құралдар
эмоционалды-әсер етуші экспрессивті құралдарға қарама-қарсы
қойылады.

    Бейтарап («стандартты») және бейнелі тілдік құралдардың
үйлесімділігі кез келген стильге тән, алайда бұл үйлесімділіктің
сипаты әр стильде өзінше бөлек. Ресми-іскерлік стильде
стилистикалық бояулы элементтер қатаң түрде біртекті және
айқын: оларда салқынқанды кітаби және «кеңселік» бояу-
лар қолданылады. Ғылыми стиль туралы да (мұнда терминдер
стилистикалық бояулы элементтер болып табылады) осыны
айтуға болады, алайда ғылыми мәтіндерде басқа стилистикалық
(ауызекі сөйлеу тілінің және басқалар) қосымшалар қолданыла
береді, бірақ ол тек «қосымша» ретінде жекелеген жанр-
ларда ғана (қақпайлар, ғылыми-көпшілік) кездеседі. Бейта-
рап және стилистикалық бояулы құралдардың үйлесімділігі
газеттік-публицистикалық шағын стильде мүлдем басқаша
сипатта көрінеді. Мұнда кез келген ең төменгіден ең жоғарғы
стилистикалық бояуға дейін қолданылуы мүмкін. В. Г. Косто-
маров: «экспрессия мен стандарттардың қайшылығын газет
мәтіндерінің ортақ белгісі» ретінде қарастырады [55, 95]. Га-
зет мәтіндерінде экспрессивтік бояулы сөздер мен стандарт-
тар бір-бірімен үйлесе қолданыла береді. Мәселен, «Егемен
Қазақстанның» «Үкімет» тақырыбымен берілген «Қаратаудың

           115

⇐ МАЗМҰНЫ
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120