Page 116 - index
P. 116

даңқы қайта орала бастады» деген ресми ақпаратта «есін жиып»,
еңсесін көтеру, елді елең еткізетін бір жаңалық, алтынмен аптап,
күміспен қаптағандай етіп сияқты эксперссивтік бояуы бар тілдік
элементтер мен Мемлекет басшысының биылғы дәстүрлі Жол-
дауы, нарықтық қатынастың өліара кезеңі, сметалық құжаттар,
күрделі жөндеу жұмыстары сияқты стандарттарды автор өзара
тығыз жымдастыра білген.

    Стилистикалық үйлесімділіктің мұндай сипаты публици-
стика тілін көркем әдебиет тілінен ерекшелендіреді, Көркем
әдебиетте әртүрлі стилистикалық бояулардың элементтері кең
қолданылатыны белгілі. Дегенмен, көркем әдебиетте стил­ ис­
тикалық үйлесімділік көркемдік талаптармен уәжделген. Ол
– түрлі сөйлеу жағдаяттарын, әлеуметтік орта мен жекелеген
кей­ іпкерлердің бейнесін жасау. Ал газетте сөйлеудің қарама-
қарсылығы – «оның мазмұнының көпқырлылығын бейнелейді,
оның ең басты қызметі – оқырманға әсер ету мен оларға ақ­
параттар беруді жүзеге асыруға көмектеседі, аудиториямен бай­
ланыстың сенімділігін қамтамасыз етеді» [55, 95].

    Стилистикалық бояудың әртүрлілігі публицистикалық мә-­
тін­де жаңа, функционалдық бағытқа ие болады. «Шатастырудың
өзі норма ретінде танылады да, өзіндік парадокс туындайды:
нормадан ауытқушылық норма болып табылады» [55, 96].

    Публицистикалық стильдің конструктивті белгілері болып
табылатын бояу мен стандарттың, эмоционалдылық пен ақ­
параттылықтың шиеленісті қатынасы публицистикалық жанр­
лардың әрқайсысында әртүрлі көрінеді. Әсіресе, экспресс­ ив­
тілікті газет мәтіндерінің тақырыбынан жиі байқауға болады.
Өйткені, тақырып оқырманның қызығушылығын оятып, оның
мәтінге деген ынтазарлығын арттырады. Мәтіндегі ойдың
жиынтығы тақырып арқылы көрінеді. Ал ондағы айтылатын
ойдан хабар беруі тақырыптың номинативтік функциясы бо-
лып табылады. Көптеген оқырман мәтінді ең әуелі тақырыпқа
қарап бағалайды, сондықтан да газет мәтіндерінің тақырыптары
экспрессивті-эмоционалдық бояудың бар айшықтарын қамтиды.
Мәселен, тақырып бірыңғай бір дыбыстан басталуы мүмкін:
«Терең білім – тәуелсіздіктің тірегі», «Өркендеген өңір,

           116

⇐ МАЗМҰНЫ
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121