Page 117 - index
P. 117

өзгерген өмір», «Өзгеріс өлшемі – өндіріс» (ЕҚ), «Жаңа белеске
жаңғырту жеткізеді», «Сағыңды сындырмайтын – сапалы ма-
териал», «Ақбұлұмның алмасы алабөтен» (Ақ жол).

    Метафора – мәтіндегі ойды жинақтап, түйіндеп беруде тап-
тырмас құрал. Ал, оның қоғамдық-саяси лексика элементтері көп
қолданылатын, ресми стилі басым деп саналатын газет тіліндегі
атқарар қызметі шексіз [52, 48]. Газет тілінде бағалауыштық си-
пат мәтіндермен қатар тақырыптарды да қамтиды. Ол көбіне
түрлі метафоралар мен теңеулерді қолдану арқылы беріледі:
«Жастықтың жанартауы Ғани Мұратбаев туралы» (ЕҚ), «Білім
саласының бағдаршамы», «Дала аруы жайқалып тұр» (жүгері
туралы) (Ақ жол), «Ай аттары да – асылымыз», «Құнан қойдың
құнындай», т.б. (АТ).

    Газет бетіндегі көптеген тақырыптар кері бағалауыштық
жағымсыз лексикадан тұрады. Мұндай тақырыптарда ауызекі
сөйлеу тілінің элементтері анық байқалады: «Ақтаудағы сот­
сымақ соңына жетер күн таяу қалды», «Ауыл тұрғындары
сумақы әкімді орнына қойды» (DАТ). «Тыныш жүре алмайтын
мұғалім» (ЕҚ).

    Ғалым Б.Момынова тақырып атауы болып тұрған сөз не-
месе сөз тіркесі, сөйлемшелер бір ғана мағына беру арқылы
номинативтік қызмет атқаратынын көрсетеді. Тіпті осы
қызметімен баға берушілік жүгін де көтереді. Оның баға
берушілік қызметі оқырманды мәтінді қабылдауға, дұрыс
түсінуге даярлайды. Осы даярлық жүргізу барысында сөздің
апеллятивтілігі іске қосылады. Апелляция біреуден қолдау,
кеңес күту деген мағына беретіні белгілі. Әрине, бұл газет
атаулының қызмет сферасының бірі әсер етуден туындайды.
Яғни, әсер ету қызметінің нәтижесі қандай дәрежеде болғанын
пайымдау үшін қабылдаушыдан қолдау күтеді. Тақырыптың
апеллятивтік қызметі көбіне лексикалық және синтаксистік эле-
менттер комплексінің фраза түрінде берілуімен жүзеге асады:
«Шындықты жасыра алмайсың», т.б. [52, 46].

    Жалпы газет материалдарды объективті баяндаумен шектеліп
қана қоя алмайды. Оқырманға барынша әсер ету міндеті газеттің
баяндалған оқиғаларды ашық та айқын бағалайтын, эмоцио-

           117

⇐ МАЗМҰНЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122