Page 118 - index
P. 118

налды бояулы жанрларын қалыптастырады. Оқырманға барын-
ша әсер ету мақсатында журналист-автор тілдегі көркемдегіш
құралдардың кез келгенін пайдалануға бейім. Оған көз жеткізу
үшін белгілі журналист Нұртөре Жүсіптің «Айқын апта»
газетінің 2012 жылдың 4 қазанындағы «Сенімсіздік синдромы»
атты мақаласының үзіндісіне талдау жасап көрейік:

    «Қарап отырсаңыз талайы тайып тұрыпты.
    Қажыгелдинді алғашқы қашқынға қосыңыз, оған «Парасат»
ордені берілген-ді, Премьер-министр орынтағынан түскен-ді...
Қорқытқасын қашты ма, қорыққанынан қашты ма? Сол тұстағы
Қазақстанның ішкі істер министрі Шумов та аса шуылдатпай
тұрып, елден қашты. Іле-шала Талапкер Иманбаев табанын жал-
тыратты. Әлиевтің әлегі анау...

      Қашып үлгермегендер қанша? Қашқысы кеп жүргендер
қанша?.. Миллиардтар мен миллиондарды Қазақстаннан шетке
алып шығу әрекеті соның белгісі емес пе?

    Шет мемлекеттерден зәулім-зәулім виллалар мен коттеждерді
сатып алып қою соның белгісі емес пе?

    Қазақстанда қаншама жақсы оқу орындары ашылып жатса да
балаларын шетелде оқыту соның нышаны емес пе?..

    Оффшор арқылы опырып ақша жасау соның айғағы емес
пе?...

    Қаржы саласын қадағалайтын құзырлы мекемелер «жау кет-
кен соң, қылышын боққа шабатыны» қалай?

    Қазақстаннан қашуға емес, Қазақстанның жұмысын жасауға
асығатын күн туа ма? Жалпы, мына барысымызда ол мүмкін бе?
Жаппай жемқорлық, қаптаған коррупция, күн сайынғы қанды
қылмыстар қашан тоқтайды? Зорланған, қорланған, зарланған
заман түзеле ме? Жауапкершілік орнығатын, әркім өз ісіне дер-
бес жауап беретін күн бола ма? Қалың ел қорқынышпен ұйқыға
жатады. «Ертеңіміз не болады?» деген уайыммен таңы атады.
Күнде шығатын күн сәулесінің арасынан СЕНІМ нұры қашан
сығалар екен?!».

    Экспрессия бояуын қоюлату үшін автор фразеологизмдер
мен ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін де молынан қолданады:
тайып тұрыпты, табанын жалтыратты, жау кеткен соң, қылышын

           118

⇐ МАЗМҰНЫ
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123