Page 119 - index
P. 119

боққа шабатыны, опырып ақша жасау, әлегі анау, т.б. Сондай-
ақ, риторикалық сұрауларды жиілету арқылы да мәтіннің
эмоционалдылығын арттыра түскен.

    Жекелеген газет жанрларының стилистикалық сипаты олар­
дың көлемі мен мақсатына байланысты. Мысалы, хроник­ алық
заметкалар, репортаждар, есептер, сұхбаттар, корреспонден-
циялар ақпараттық сипатта болатындықтан, құжаттарға ұқсас.
Соған қарамастан, заметка мен ақпараттық хабардың немесе
репортаждың арасында едәуір айырмашылық болады.

    Көпжанрлылық пен мәтінді рәсімдеудің әртүрлілігі пуб­
лицистиканың ерекше белгілері болып табылады. Газет жанр­
ларының әртүрлілігі соншалық, ондағы стильдік және сти­
листикалық категориялар бір-біріне жиі қайшы келеді.

    Очерк публицистиканың ең «субъективті» жанры деп есеп­
теледі. Ондағы барлық сөз автор атынан айтылып, қолдан­ ылған
бүкіл тілдік құралдар оның жеке мәнерін көрсетеді, хабарлаудың
тұтас бойынан автордың эмоциясы байқалып тұрады. Очерк, фе-
льетон, памфлет сияқты жанрлар публицистикалық стильдің де,
көркем әдебиет стилінің де ерекшеліктерін қамтитын «аралас»
жанр болып табылады.

    Очерк өзінің танымдық және тәрбиелік мәніне қарай публи-
цистикада ерекше маңызды орынға ие. Очерктің бейнесі мен
тұлғасы өте нақты, құжатты болып келсе, оның ойы мен бүкіл
логикалық аппараты – қорытылған, практикалық тұжырымдарға
ұмтылған, ауқымды аудиторияға есептелген болады. Сондай-
ақ, очерк тіліндегі сөздерді эстетикалық қызметте пайдалану,
эмоциялық әсер беретін нәзік фразаларды, бейнелі тілдік құ­
ралдарды кең қолдану – көркем әдебиеттерден алынған тілдік
ерекшеліктер.

    «Очерктің объектісі – адам да, ол өзінің жанрлық міндетін
адамдардың жақсы қасиетін, Отан алдындағы борышын қалай
өтеп жүргендігін, мінез ерекшелігін, еңбек еткен ортасын сурет-
теу арқылы орындап отырады» [57,242]. Күнделікті өмірімізде
ерекше ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген қарапайым еңбек адам-
дары очерктің кейіпкерлері болып отырады. «Газет очеркінің ба-
сты мақсаты – өмірдің нақты фактілерімен үгіттеу, озаттардың

тәжірибесі мен үлгісін көпшіліктің игілігіне айналдыру» [57,27].

           119

⇐ МАЗМҰНЫ
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124