Page 120 - index
P. 120

Корреспонденция мен репортажға қарағанда, очеркті жар-
тылай ыстық, жартылай суық өнім деуге болады. Очерк қызу
жаңалыққа жатпайды, өйткені ол туралы автор ақпарат алғаннан
кейін ғана ойлана бастайды. Содан соң журналист онда қандай
фактілердің, оқырмандар үшін пайдалы дәйексөздердің, қандай
шындықтың жетіспей тұрғанын бағамдайды. Сонымен қатар,
тәжірибелі журналистер очерктің төмендегідей ерекшеліктерін
көрсетеді:

    – ол фактілерді бейтарап баяндап, талдаудан алшақ;
    – фактілер кезекпен түрлендіріп беріледі;
    – фактілер барынша көркем, әдеби бағытта өрбиді және олар-
ды баламалап беруге болады;
    – мұнда уақыт факторы онша маңызды емес;
    – бұл табиғаты аралас жанр, ол әдебиетпен, өнермен және
ғылыммен тығыз байланыста болады;
    – үнемі көркем және публицистикалық талдаудың жаңа
әдістері жасалынып отырады;
    – оқырман материалдағы басты тұлғаның адам екенін, оның
желісі адам төңірегінде құрылғанын сезінеді;
    – очеркті қысқарту редакторға қай кезде де қиынға соғады
[70,128].
    Очерк адамның ішкі дүниесін суреттеп, оның еңбексүйгіштік,
адалдық, танымдық, адамгершілік-имандылық қасиеттерін жан-
жақты сипаттап, аша түседі. Тілдік құралдардың қолданылу
сипатына қарай, очеркті көркемдік-публицистикалық жанрлар
қатарына жатқызуға болады. Оның көркемдік табиғаты – оқиға,
болмысты бейнелі түрде ойлап суреттеуінде. Очеркте болмысты
әдеби-көркем шығармалардағыдай образдар арқылы бейнелейді.
Дегенмен, публицистикадағы образдылық әлдеқайда ықшам
және олар әдетте түрлі метафора, эпитеттер мен басқа да троп-
тарды қолдану арқылы жасалады. Очерктің тартымдылығы,
эмоциялық күші, бейнелеп суреттеуіндегі бояу қанықтығы, ав-
тор ой-пікірінің дәлдігі, кейіпкер қасиеттерінің әсерлі берілуі,
бәрі де тіл, стильге байланысты болады. Сондықтан очеркте
бейнелі, елесті, болмысты әсерлі де дәл жеткізетін тілдік, стилдік
құрылымдар пайдаланылады. Очерк еңбек адамдары мен озат

           120

⇐ МАЗМҰНЫ
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125