Page 121 - index
P. 121

ұжымдардың жақсы іс-тәжірибесін, биік көрсеткіштерін на-
сихаттайтын көптің ортақ игілігіне айналдыратын жанр. Ол
көбінесе солардың қол жеткізген табыстары, патриоттық ба-
стамалары, адамгершілік әрекет-қасиеттері туралы жылы лебіз
білдіріп, тебірене баяндайды. Оның басты объектісі – адам.
Кейде очерк өмірде болған үлкен оқиға туралы жазады. Ондағы
мақсат – ең алдымен сол оқиғаның қалай жүзеге асырылатынын
көрсету, оның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәнін
ашу қажет.

    Төменде очерктің бір үлгісін ұсынамыз:

           Алтын Арқау

    ...Желтоқсанның сол боранды күндерінің бірінде Киров атындағы
колхоздың председателі Нариман Дауытов бастаған үш-төрт кісі қызыл
іңірде озат шопан Жабай Сабаншиевтің үйіне сау ете қалды. Қылышын
сүйретіп келген қыстың мына қаһары ауыл басшыларын да қатты
састырған сияқты. Күні бойы отар-отарларды аралап келе жатқан
жігіттердің жүздері сынық, шаршаулы. Дегенмен барлығы да тас-түйін
жұмылып, қатайып алған.

    Сәлемнен соң жігіттер төрге озды.
    – Ойпырмай, қарлы боран есімізді шығарды ғой, – деді Нариман
жайғасып отырысымен-ақ. – Қазірден мынадай, кейін қайтпек?
    Осы қапсағай денелі жас жігіттің колхозға председатель болып
келгеніне жарты жылдай болды. Аз уақыт ішінде тынымсыз қим­ ы­
лымен, орнықты мінезімен, салиқалы сөзімен көпшіліктің аузына
іліге бастаған. Жаңадан келген шаруашылық басшысының аяқ алысы-
на Жабай да іштей риза болып жүретін. Боранды күнде мамандарды
аяқтарынан тік тұрғызып, малшылар қауымының жай-күйіне толған­ ып
жүрген оған кәнігі шопан дәл қазіргі шақта мейірлене қарап отырған
еді.
    – Жігіттер, – деді енді бір сәтте Жабай аз-кем үнсіздіктен соң, –
біз көрген қиындық бір осы деймісіңдер. Алпыс тоғызыншы жылдың
қысын да абыроймен өткіздік.
    – Рахмет, Жабеке, – деді председатель аяз сорып қарақ­ ошқ­ ылданған
жүзі жадырап. – Қазіргідей сын шақта осы сөзіңіздің өзі жанға демеу

           121

⇐ МАЗМҰНЫ
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126