Page 122 - index
P. 122

ғой. Шіркін, малшыларымыздың бәрі де жауапк­ ершілікті өзіңіздей
сезінсе, біздің көңіліміз күпті болмас еді.

    Енді председатель кейбір шопандардың соңғы күндердегі боран-
да тым жайбарақаттық танытып отырғандығын, жылы үйді төңіректей
беретінін, жекелеген отарларда жем-шөп ысыр­ абының барлығын,
басқа да орын алып отырған бірқатар кемшіліктерді ашына айтты.

    – Сондықтан да, – деп ол өз сөзін одан әрі сабақтады, – өзіңіздей
тәжірибелі кісілердің көмегі ауадай қажет болып тұр. Іргелес отырған
шопандарға бас-көз болып, ортақ іске бір кісідей жұмылдыра түссеңіз,
қиындық жүгі жеңілдер еді...

    – Әб, бәрекелді, – деп Жабай пейілдене сөйледі, – бұның әбден
орынды. Осы төңіректегі жеті-сегіз шопанмен әңгімелесуді мен мой-
ныма алайын.

    – Өзіңізден күткеніміз де осы сөз еді, – деді Нариман риз­ алығын жа-
сыра алмай. – Жем-шөп жеткізуді мына отырған кісілер қолға мықтап
алады. Қыс ұзаққа созылатындай сыңай танытып тұр. Сондықтан жем-
шөп үнемдеу мәселесін басты назарда ұстаған жөн.

    Шаруа жайы алаңдатқан жігіттер ұзамай-ақ жолға шығып кетті...
    Колхоз председателі мен мамандарының ел игілігі жолындағы
осынау ұлы істе шопандар қауымының сыйлы адамы ретінде өзіне
зор сенім артатыны есіне түскенде «Абыройлы биіктен көріне алсам
игі-ау» деген ойдың көңіл түкпірінде көлбеңдеп тұрып алары анық-ты.
Бір айтса бірегей айтатын, сөзі мен ісінде алшақтық болып көрмеген
байырғы шопанның әжім торлаған қарақошқыл жүзінен, тұңғиық сыр
тұнып тұрған отты жанарынан көп жайды айтпай-ақ аңғарғандайсың.
    Көзін малмен ашқан азаматтың өз алдына отар алып, отау тіккеніне
22 жылдан асып барады. Осы мерзім ішінде ата кәсіпті айрықша
қастерлеп, әкенің ақ таяғын пір тұтқан жанның абыройлы биіктен
көрінбеген жылын айта қоюдың өзі қиын. Жылжып өткен әр жылда
қарапайым шопан Жабай қалдырған өзіндік қолтаңба бар. Ол ең ал-
дымен еңбектегі тамаша табыстарына, туғ­ ан жердің төсіне моншақтай
төгілген теріне саяды. Осынау жылдарда оның ел игілігіне жұмсалып
келе жатқан қажыр-қайраты қаншама жүрекжарды қуаныш сыйлап
келе жатыр десеңізші! Осы ретте мына жайларға назар аудара кеткен
артықтық етпейді. Тынбай ізденудің, қажырлы еңбектің нәтижесінде
тоғызынш­ ы бесжылдық жоспарын төрт жылда орындап шығып, аудан

           122

⇐ МАЗМҰНЫ
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127